Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес, Ақкөл қаласы халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының атауы жоқ көшесіне Кенесары хан атауы берілсін.
2. Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының кейбір құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Строительная көшесі – Болашақ көшесіне;
Спутник көшесі – Көктем көшесіне;
Горький көшесі – Томирис көшесіне;
Парковая көшесі – Рақымжан Қошқарбаев көшесіне.
3. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облысының Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл ауданының әкімі | Б.Әбдірахманов |
Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы | Д.Салыбекова |