"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына және Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 01-28-284 ұсынысы негізінде, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің Новомариновка ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімінің "Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің Новомариновка ауыл аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2023 жылғы 13 шілдегі № 6 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешімнің алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі | С.Валитова |