Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 шілдегі № 6 "Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің Новомариновка ауыл аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына және Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 01-28-284 ұсынысы негізінде, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің Новомариновка ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімінің "Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің Новомариновка ауыл аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2023 жылғы 13 шілдегі № 6 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешімнің алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі С.Валитова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады