Қазақстан Республикасының Жер Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, 2023 жылы 28 қыркүйектегі № 2157-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензияның негізінде Ерейментау ауданы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "КазГеоЭксплорейшен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi: 220440035666) 2029 жылғы 28 қыркүйегіне дейінгі мерзімге Ерейментау ауданының Сілеті ауылы әкімшілік шекараларындағы "Жана-Береке Репродуктор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы ауданы 245,5 гектар жер учаскелерін алып қоймастан (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 01-006-044-005) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "КазГеоЭксплорейшен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Жана-Береке Репродуктор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен сервитут шартына отырғаннан кейін жер учаскесін пайдалануға кіріссін.
3. "КазГеоЭксплорейшен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
1) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын;
2) жұмыстар аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелерін одан әрі тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтірсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н.Мұқатов |