"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 186-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының коммуналдық меншігіндегі акцияларының 100 (жүз) пайыз мемлекеттік пакетімен (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) мөлшері шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiкте, ал еншiлес ұйымы (еншілес ұйымдар) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiкте көрсетілген таза кіріс сомасының кемінде 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |