"Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 24 ақпандағы № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 163 шешімі

      Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 24 ақпандағы № 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8075 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген мәслихат шешімімен бекітілген Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларында:

      2-тармақта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) жайылымдар – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға жол беріледі;".

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) көпшілік пайдаланатын жайылымдар – елді мекендердің іргелес аумағында орналасқан және мемлекет меншігіндегі, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын жаю бойынша жергілікті халық мұқтажын қанағаттандыруға арналған жайылымдар;".

      4-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай айдап өту (айдау), жаю, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз ауыл шаруашылығы жануарларының орнын ауыстыруға жол берілмейді.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік орман қорына кіретін жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюға ерекше жағдайларда шалғайдағы, қол жеткізу қиын және халық аз қоныстанған аудандарда жүзеге асырылады. Осындай аудандардың тізбесін облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынымы бойынша облыстың жергілікті өкілді органы бекітеді;".

      12, 13 және 14 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жайылымдар туралы заң) 13-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жайылымдар, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдар жеке меншікке және жер пайдалануға берілмейді және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажына ғана пайдаланылады.

      Жайылымдар туралы заңның 15-бабы 4-тармағында көрсетілген жайылымдарды қоспағанда, шалғайдағы жайылымдар жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 43-1-бабында белгіленген тәртіппен беріледі.

      Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажына арналған жайылымдарда, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдарда орналасқан суландыру құрылыстарына қол жеткізу өтеусіз негізде беріледі.

      Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес жайылымдарды резервке қою жүзеге асырылады.

      Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі – Жоспар) жайылымдарды резервке қою үшін негіз болып табылады.".

      13. Жоспар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы бес жылға бекітетін нормативтік құқықтық акті болып табылады.

      14. Жоспарды ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, Жайылымдар туралы заңның 6-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекітетін жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспардың негізінде әзірлейді.".

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдарда жаю Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.".

      16 және 17 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Елді мекендердің шекараларына (шектеріне) тікелей іргелес аумақта орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажын қанағаттандыруға пайдаланылады.

      Елді мекеннің шекаралары (шектері) шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарлары мал басы Жоспарға сәйкес жайылымдардың басқа учаскелеріне, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарға орны ауыстырылады.

      Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдарды, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарды пайдалану Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жайылымдар беру туралы жеке шешімін шығару талап етілмейді.

      17. Осы Қағидалардың 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бекітілген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған жағдайда ғана жол беріледі.

      Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларынан асып кеткен кезде жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдардың алаңдарын ұлғайту мақсатында бұрын берілген жайылымдарды Жер кодексінің 84, 85, 86, және 87-баптарына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылуы мүмкін.".

      19-тармақ алып тасталсын;

      31-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Жоспардың іске асырылуын және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
төрағасы
Г. СҮЙІНТАЕВА

О внесении изменений и дополнения в решение Актюбинского областного маслихата от 24 февраля 2021 года № 16 "Об утверждении Правил выпаса сельскохозяйственных животных по Актюбинской области"

Решение Актюбинского областного маслихата от 25 сентября 2024 года № 163

      Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Актюбинского областного маслихата "Об утверждении Правил выпаса сельскохозяйственных животных по Актюбинской области" от 24 февраля 2021 года № 16 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8075) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах выпаса сельскохозяйственных животных по Актюбинской области, утвержденных указанным решением:

      в пункте 2:

      подпункт 8) изложить в следующей редакции:

      "8) пастбища – земельные участки, предоставляемые и используемые для круглогодичного или сезонного выпаса сельскохозяйственных животных. При выпасе сельскохозяйственных животных на пастбищах допускается сенокошение в целях заготовки кормов в случаях, когда продуктивность пастбищ превышает потребность в кормах выпасаемых сельскохозяйственных животных при соблюдении предельно допустимых норм нагрузки на общую площадь пастбищ;".

      дополнить подпунктом 8-1) следующего содержания:

      "8-1) общественные пастбища – пастбища, расположенные на прилегающей территории населенных пунктов и находящиеся в государственной собственности, предназначенные для удовлетворения нужд местного населения по выпасу поголовья сельскохозяйственных животных личного подворья;".

      в пункте 4:

      подпункт 6) изложить в следующей редакции:

      "6) прогон (перегон) до места выпаса и обратно, выпас, а также перемещение сельскохозяйственных животных без сопровождения владельцев сельскохозяйственных животных либо лиц, ими уполномоченных.

      При этом, в соответствии с пунктом 2 статьи 99 Лесного кодекса Республики Казахстан выпас сельскохозяйственных животных без сопровождения владельцев сельскохозяйственных животных либо лиц, ими уполномоченных, на пастбищах, входящих в государственный лесной фонд, осуществляется в исключительных случаях в отдаленных, труднодоступных и малонаселенных районах. Перечень таких районов утверждается местным представительным органом области по представлению местного исполнительного органа области;".

      пункты 12, 13 и 14 изложить в следующей редакции:

      "12. Пастбища, в том числе общественные пастбища, указанные в подпункте 2) пункта 2 статьи 13 Закона Республики Казахстан "О пастбищах", не предоставляются в частную собственность и землепользование и используются только для нужд населения для выпаса сельскохозяйственных животных личного подворья.

      Отгонные пастбища, за исключением пастбищ, указанных в пункте 4 статьи 15 Закона, предоставляются физическим и (или) юридическим лицам в порядке, установленном статьей 43-1 Земельного кодекса Республики Казахстан (далее – Земельный кодекс).

      Доступ к обводнительным сооружениям, состоящим на балансе государственных юридических лиц и расположенным на пастбищах, предназначенных для нужд населения по выпасу сельскохозяйственных животных личного подворья, в том числе общественных пастбищах, предоставляется на безвозмездной основе.

      В целях удовлетворения нужд населения по выпасу сельскохозяйственных животных личного подворья осуществляется резервирование пастбищ в соответствии со статьей 49-2 Земельного кодекса.

      Основанием для резервирования пастбищ является План по управлению пастбищами и их использованию (далее – План).

      13. План является нормативным правовым актом, утверждаемым местным представительным органом района, города областного значения на пять лет.

      14. План разрабатывается местным исполнительным органом района (кроме районов в городах), города областного значения совместно с акимами города районного значения, поселка, села, сельского округа и органами местного самоуправления на основании типового плана по управлению пастбищами и их использованию, утверждаемого уполномоченным органом в области управления и использования пастбищ в соответствии с подпунктом 4-1) статьи 6 Закона о пастбищах.".

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "Выпас сельскохозяйственных животных на пастбищах осуществляется в соответствии с Планами.".

      пункты 16 и 17 изложить в следующей редакции:

      "16. Пастбища, расположенные на территории, непосредственно прилегающей к границам (чертам) населенных пунктов, находящиеся в государственной собственности, используются для удовлетворения нужд населения для выпаса сельскохозяйственных животных личного подворья.

      Поголовье сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами в пределах границ (черты) населенного пункта, перемещается на другие участки пастбищ, в том числе на отгонные пастбища, согласно Плану.

      Использование пастбищ, предназначенных для выпаса сельскохозяйственных животных личного подворья, в том числе отгонных пастбищ, осуществляется в соответствии с Планом. Вынесения отдельного решения акимов города районного значения, поселка, села, сельского округа и местного исполнительного органа района, города областного значения о предоставлении пастбищ не требуется.".

      17. Выпас на пастбищах, указанных в части первой пункта 16 настоящих Правил, других сельскохозяйственных животных допускается только при соблюдении предельно допустимых норм нагрузки на общую площадь пастбищ, утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 3-3/332 "Об утверждении предельно допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11064).

      При превышении предельно допустимых норм нагрузки на общую площадь пастбищ в целях увеличения площадей пастбищ, предназначенных для выпаса сельскохозяйственных животных личного подворья, может осуществляться принудительное отчуждение для государственных нужд ранее предоставленных пастбищ в соответствии со статьями 84, 85, 86 и 87 Земельного кодекса и главой 6 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе".".

      пункт 19 исключить.

      подпункт 1) пункта 31 изложить в следующей редакции:

      "1) реализацию Плана и представляют ежегодный отчет о ходе его реализации органу местного самоуправления (сходу местного сообщества);".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель областного
маслихата
Г. СУЕНТАЕВА