"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ""Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 118 қаулысының күші жойылсын.
2. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |