Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 19.07.2024 № 202 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1- бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 281, 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 495 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Оразалин |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 118 қаулысымен бекітілді |
"Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - облыс әкімінің аппараты) Ақтөбе облысы әкімдігінің және әкімінің қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Облыс әкімі аппаратының ведомстволық бағынысты мекемелері бар:
"Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
"Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
"Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Облыс әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Облыс әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Облыс әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Облыс әкімі аппаратының, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Облыс әкімінің аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімі аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Облыс әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Облыс әкімі аппаратының орналасқан жері: индекс 030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже облыс әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
12. Облыс әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Облыс әкімі аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен облыс әкімі аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық актілермен облыс әкімінің аппаратына кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
14. Мақсаттары:
1) өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) заңнамада белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімі және әкімдігі қойған міндеттерді іске асыру бойынша облыстың мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;
4) Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру тетігін жетілдіруге қатысу;
5) орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау;
6) облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
15. Өкілеттіктері:
Құқықтары:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) облыстың атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
3) өз өкілеттіктері шегінде шарттар, келісімдер жасасуға;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімі аппаратының және әкімінің мүдделерін білдіруді жүзеге асыру;
5) облыс аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті тапсырмалар беру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
3) мемлекеттік мекемеге бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, өзге де жоғары тұрған мемлекеттік органдардың актілері мен тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша облыстың атқарушы органдарының қызметін үйлестіру және олардың орындалу барысы туралы тиісті ақпарат дайындауды ұйымдастыру;
2) облыс әкімінің қатысуымен өтетін әкімдік мәжілістерін, кеңестерді дайындауды ұйымдастыру;
3) облыс әкімінің Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Премьер-Министр Кеңсесімен, Парламент аппаратымен, өзге де жоғары тұрған мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
4) облыс әкімі мен әкімдігінің жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалармен, саяси партиялармен және өзге де ұйымдармен олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
5) облыс әкімдігіне тікелей бағынатын мемлекеттік органдардың құрылымын жетілдіру, құру, тарату және қайта ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
6) облыс әкімінің және әкімдігінің іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру, кіріс және шығыс хат-хабарларды өңдеу;
7) әкімдік қаулылары, облыс әкімі шешімдері, өкімдері, аппарат басшысы бұйрықтары жобаларының мемлекеттік және орыс тілдерінің нормаларына сәйкестігіне сараптама жүргізу;
8) құпия іс жүргізуді, арнайы байланысты қамтамасыз ету, хат-хабарларды, құпиялылық режимін өңдеу;
9) облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;
10) конкурстық, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссияларды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты тиісті құжаттарды ресімдеу;
11) облыс әкімі тағайындайтын лауазымдар тізбесіне кіретін кадрлардың сапалық құрамына және қозғалысына талдау жүргізу;
12) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
13) мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру;
14) облыс әкімі мен әкімдігіне жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру, азаматтарды қабылдауды жүргізуді қамтамасыз ету;
15) облыс әкімінің аппаратына ведомстволық бағынысты мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметін бақылау;
16) облыс әкімінің және әкімдігінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
17) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің ақпараттық қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
18) мемлекет Басшысының және мемлекеттік органдардың өзге де жоғары тұрған лауазымды адамдарының облысқа сапарларын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс аумағында сайлау өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;
20) мемлекеттік органдардың гендерлік, отбасылық-демографиялық саясатты әзірлеу және жүргізу жөніндегі жұмысын үйлестіру;
21) облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
22) облыстың және экономика салаларының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және болжау;
23) жергілікті деңгейде мемлекеттік, салалық және өзге де бағдарламалардың іске асырылу барысын талдау, талдау негізінде тиісті ұсыныстар дайындау;
24) облыстағы қоғамдық-саяси жағдайды зерделеу, талдау және болжау;
25) халықаралық тәжірибені зерделеу және оның облыс экономикасының әртүрлі салаларын дамыту бойынша қолданылуы;
26) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету;
27) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстап тұру жөнінде қажетті шаралар қолдану;
28) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылауды бақылау іс-шарасы және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг нысанында жүзеге асыру;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;
30) терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризмге қарсы комиссиялар арқылы облыс аумағында терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
31) Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және ішкі істер органдарымен келісу бойынша облыс аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;
32) құқық қорғау органдарының, оның ішінде облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылын ұйымдастыру және қызметін үйлестіру;
33) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылық профилактикасы, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
34) облыс аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
35) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсету, облыс аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;
36) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның келісімімен жұмылдыру жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;
37) облысты жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарлар өндіруге, жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасу;
38) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру;
39) соттарда және сот сатыларында, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарда, мемлекеттік мекемелерде, меншіктің кез келген нысанындағы кәсіпорындарда облыс әкімі мен әкімдігінің, облыс әкімі аппаратының мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіру және қорғау
40) қолданыстағы заңнамамен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3 тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
17. Облыс әкімінің аппаратына басшылықты облыс әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
18. Облыс әкімі аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
19. Облыс әкімі аппараты басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
20. Облыс әкімі аппараты басшысының өкілеттігі:
1) облыс әкімінің аппаратына жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) облыс әкімі аппаратының құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) облыс әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
5) облыс әкімі аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
10) облыстың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
11) облыс әкімі аппаратының бұйрықтарына қол қояды;
12) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда облыс әкімі аппаратының мүддесін білдіреді, сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда облыс әкімі аппаратының мүддесін білдіруге сенімхаттар береді;
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
14) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
15) облыс әкімі аппаратының барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
16) облыстық жобалық басқарудың үлгілік базалық бағытына басшылықты жүзеге асырады;
17) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
18) облыс әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Облыс әкімі аппаратының басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Облыс әкімі аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
23. Облыс әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Облыс әкімінің аппаратына бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, облыс әкімінің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. Облыс әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Облыс әкімі аппаратының қарамағындағы мекемелердің тізбесі:
"Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
"Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
"Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.