Ақтөбе облысы Темір ауданы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 3 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабындағы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабындағы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Темір ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 1 хаттамасының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақтөбе облысы Темір ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізуге төтенше жағдайлардың алдын алуға басшы етіп өзімді тағайындаймын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 28 наурызынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Темір ауданының әкімі С. Аманбаев

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба по Темирскому району Актюбинской области

Решение акима Темирского района Актюбинской области от 28 марта 2024 года № 3

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", приказом и.о. Министра по чрезвычайном ситуациям Республики Казахстан от 10 мая 2023 года № 240 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", на основании протокола внеочередного оперативного заседания районной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Темирского района от 28 марта 2024 года № 1, РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба на территории Темирского района Актюбинской области.

      2. Для проведения мероприятий, направленных на ликвидацию чрезвычайной ситуации природного характера назначаю себя руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 28 марта 2024 года.

      Аким Темирского района С. Аманбаев