"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағы 5) тармақшасына және "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің № 704 Жарлығына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Райымбек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 қаңтардағы "Райымбек аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 21-85 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 164479 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Райымбек аудандық мәслихатының регламенті қосымшасының 27, 33 тармақтарындағы мәтін бойынша "мәслихат хатшысы", "мәслихат хатшысының" деген сөздер "мәслихат төрағасы", "мәслихат төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Саретбаев Ғабит Болатұлына жүктелсін.
3. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы | С. Мусирбаев |