Ескерту. 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ "Жаңа Алатау қаласында жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына ауылдық қосымша ақыларды тарату жөніндегі" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрінің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның 2024 жылғы 30 қазандағы Хаттамалық кеңесінің 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Алатау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Алатау қаласы әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына лауазымдық айлық ақыларына ынталандыру үстемақылары белгіленсін.
2. Осы үстемақылар Алатау қаласының белсенді дамыту кезеңінде кадр әлеуетін қолдау үшін көзделген уақытша шара болып табылатыны айқындалсын.
3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алатау қаласы мәслихатының төрағасы | Р. Абилова |