Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 09.09.2024 № 4709 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 9 шілдедегі № 05-03/413-И және № 05-03/414-И ұсыныстары негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шектеу іс-шаралары:
1) Шымкент қаласы Абай ауданы Қайнарбұлақ саяжайы Т. Құрасбек көшесі № 3 үйдің мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Т.Құрасбек көшесінің бойына;
2) Шымкент қаласы Абай ауданы Тельман бөлімшесі Бабыр көшесі № 106А үйдің ұсақ малынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Бабыр көшесінің бойына белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысының міндетін атқарушы Т. Мекамбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |