Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 4709 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 05-03/565-И және № 05-03/566-И ұсыныстары негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шектеуді іс-шаралары ауыл шаруашылығы жануарларынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты:

      1) Шымкент қаласы Абай ауданы Қайнарбұлақ саяжайы Т. Құрасбек көшесінің бойынан;

      2) Шымкент қаласы Абай ауданы Тельман бөлімшесі Бабыр көшесінің бойынан тоқтатылсын.

      2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдесіндегі № 3707 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т. Мекамбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Кәрімовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады