Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 1211 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 25-тармағы мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
"22) Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Шымкент концерт" концерттік ұйымы" (филармония) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.";
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қарамағындағы ұйымдары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қайта аталсын;
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қарамағындағы ұйымдардың жарғылары осы қаулыға 2 – 23-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы әкімінің | |
міндетін уақытша атқарушы | А. Кәрімов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 1211 қаулысымен бекітілген |
"Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген толықтыру мәтіні
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 25-тармағы мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
"22) Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Шымкент концерт" концерттік ұйымы" (филармония) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.".