БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетiнің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментi туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің орналасқан жері: пошталық индексі 100000, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Нұркен Әбдіров даңғылы, 36/3".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (О.А. Әбдірахманов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік кірістер комитетi Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын;
2) осы бұйрықты Департаменттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Персоналды басқару және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (Ш.А. Тобатаев) осы бұйрықты Департаменттің назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы |
Ж. Дүйсембиев |