"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 5-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қаржылық мониторинг органдарында құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғалар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Кадр жұмысы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға | Ж. Элиманов |
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 30.12. № 419-НҚ бұйрыққа қосымша |
Қаржылық мониторинг органдарына құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғалар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру ережелері мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қағидалар қаржылық мониторинг органдарына құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғалар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру ережелері мен мерзімдері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленіп, құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаларды бейімдеу және оларға тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Осы Ережелерде келесі ұғымдар қолданылады:
1) бейімделу – құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғалардың жаңа өмір сүру және еңбек жағдайларына бейімделу үдерісі;
2) құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлға – қаржылық мониторинг органдарында орта басшылық құрамының лауазымына алғаш рет тағайындалған және тағайындалған күннен бастап бір жыл ішінде қызмет атқаратын тұлға;
3) тәлімгерлік – құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаға кәсіби қалыптасуда практикалық және әдістемелік көмек көрсету бойынша тәлімгердің қызметі.
2-тарау. Бейімдеуді ұйымдастыру және мерзімдері
3. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаларды бейімдеуді үйлестіру Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) кадр қызметіне жүктеледі.
4. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлға үшін қаржылық мониторинг органдарына қызметке қабылданған күннен бастап, құрылымдық бөлімшенің немесе Агенттіктің аумақтық органының басшысының ұсынымы негізінде тәлімгер бекітіледі. Тәлімгерді бекіту рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Агенттіктің орталық аппаратында – тәлімгерді бекіту Агенттік Төрағасының бұйрығы немесе оның міндеттерін уақытша атқарушы адамның бұйрығы негізінде жүргізіледі;
Агенттіктің аумақтық органында – тәлімгерді бекіту тиісті аумақтық органның уәкілетті басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен жүзеге асырылады.
5. Тәлімгерлер қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлері арасынан келесі талаптарға сәйкес бекітіледі:
1) құқық қорғау органдарында қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
2) құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаның қызметінде қажетті кәсіби құзыреттердің болуы;
3) күші жойылмаған тәртіптік жазалардың болмауы.
6. Осы Ережелердің 5-тармағының талаптарына сәйкес келетін қызметкер болмаған жағдайда, тәлімгер ретінде құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаның тікелей басшысы бекітіледі.
7. Осы Ережелердің 6-тармағымен көзделген жағдайларды есепке алмағанда, тәлімгерлік құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын бір тұлғаға бекітіледі.
8. Тәлімгерлік осы Ережелердің 5-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін бұйрықпен келесі жағдайларда тоқтатылады:
1) қызметкердің тәлімгерліктен жазбаша түрде бас тарту;
2) қаржылық мониторинг органдарынан тәлімгердің немесе құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаның жұмыстан босатылуы;
3) тәлімгердің немесе құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаның басқа құрылымдық бөлімшеге ауысуы.
9. Осы Ережелердің 8-тармағында көзделген жағдайларда құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаға осы Ережелердің 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін басқа тәлімгер тағайындалады.
Тәлімгер ауысқан кезде құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаны бейімдеу мерзімі өзгермейді.
10. Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 1-бабы 12-3) тармақшасына сәйкес, құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаға бекітілген тәлімгер, оған кәсіби бейімделуде тәжірибелік көмек көрсетеді:
1) Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің тарихы, миссиясы, ұйымдық құрылымы, функциялары туралы ақпаратты қамтитын кіріспе-бағдарлау нұсқамасын жүзеге асырады;
2) құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаны жұмыс орнымен таныстырады;
3) құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлға өзара іс-қимыл жасайтын қызметтермен, негізгі лауазымды тұлғалармен және қызметкерлермен танысуды қамтитын экскурсия жүргізеді;
4) құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаны ұжымға таныстырады;
5) құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаға бейімделудің жеке жоспарын жасауға көмектеседі және оның іске асырылу барысын бақылайды;
6) құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаға қаржылық мониторинг органдарында тиімді қызмет ету үшін қажетті тәжірибені, білім мен дағдыларды береді;
7) құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаға Агенттіктің қызметтік процестерін, мінез-құлық ережелері мен нормаларын, құндылықтары мен дәстүрлерін меңгеруге көмектеседі;
8) жіберілген қателіктерді анықтайды, оларды уақтылы жояды және құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғамен бірлесіп талдайды;
9) мейірімділік пен ұқыптылықты танытады, тәкаппарлыққа жол бермейді, құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаның жұмыс нәтижелеріне дұрыс баға береді;
10) бейімделуден, қызметтік және орындаушылық тәртіптен өтуге, құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғаның қызметтен тыс мінез-құлқына байланысты мәселелерді талқылауға қатысады.
11. Қызметтік міндеттерін үлгілі орындаумен ерекшеленген және құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданған қызметкерлердің кәсіби қалыптасуы мен тәрбиесіне елеулі үлес қосқан тәлімгерлер "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес көтермелеу шаралары қолданылады:
Агенттіктің орталық аппаратында - тиісті құрылымдық бөлімше басшысының ұсынымы бойынша;
Агенттіктің аумақтық органдарында – аумақтық орган басшысының ұсынымы бойынша.
12. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет қабылданатын тұлғалар "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес жауапты болады.