"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық жүйелерін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске асырылсын.
2. Мыналардың:
1) "Е-agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ББАЖ) "Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі" және "Электрондық деректерді бірыңғай сақтау орны" ақпараттық жүйелерімен;
2) "Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – СМАЖ) "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесімен интеграциясы қамтамасыз етілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 5 және 8-тармақтарына сәйкес өзінің ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгенге дейін "Smart Bridge"-де өтінім беру арқылы осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша "Е-agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі және субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің интеграциясын іске асыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеке сәйкестендіру және бизнес-сәйкестендіру нөмірлері бойынша дәйекті деректерді ұсыну шеңберінде ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылын;
2) "Smart Bridge"-ге өтінім беру арқылы дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисіне (бұдан әрі – ДҚБ сервисі) қосылуды;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Пилоттық жоба шеңберінде "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ДҚБ сервисі арқылы дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алуды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына, 49-бабы 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларына және 54-бабы 3 және 3-3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға (бұдан әрі – Бірыңғай талаптар) сәйкес:
1) 2025 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде ББАЖ-ның және СМАЖ-дың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізуді және оң нәтижелері бар хаттамалар алуды;
2) Бірыңғай талаптарға сәйкестік жөнінде шаралар қабылдауды;
3) Бірыңғай талаптарға сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының (бұдан әрі – АҚЖО) және АҚЖО-ның Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылының болуын қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп, Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында "Smart Bridge" платформасы арқылы техникалық бөлім бойынша қажетті сервистерге қосылуды қамтамасыз етсін.
7. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
8. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және он екі ай бойы қолданылады.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
_________Ж. Мадиев |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
_________А. Сапаров |
"E-agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі және субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі
1 -тарау. "E-agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
"Өсімдіктер карантині" модулі
1. Қазақстан Республикасының аумағында карантинге жатқызылған өнімнің орнын ауыстыруға карантиндік сертификат беру.
2. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру.
"Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу" модулі
3. Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу.
4. Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге беруді мемлекеттік тіркеу.
5. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау.
6. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилерді, механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандарды қабылдау және куәліктер беру.
"Ветеринариялық қауіпсіздік" модулі
7. Экспорт кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру.
8. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру.
9. Ветеринариялық анықтама беру.
10. Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық және азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі объектілерге есепке алу нөмірлерін беру.
11. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру.
12. Импорт кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру.
2-тарау. Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
13. Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдетіп өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау.
14. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау (заңды тұлғалар үшін).
15. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау.
16. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау.
17. Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау.
18. Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеуді жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау.
19. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау.
20. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және қарыздарын сақтандыру шеңберінде субсидиялау.
21. Көпжылдық екпелер өндірісін субсидиялау.
22. Басым дақылдар өндірісін субсидиялау.
23. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау.
24. Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау.
25. Балық шаруашылығы субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау.
26. Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау.