Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Абай облысында жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 13/87-VII шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Абай облысы бойынша жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларының:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының төрағасы | К. Сулейменов |