Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабының 4 тармағына сәйкес, Аягөз ауданының әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Аягөз ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аягөз ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Аягөз ауданының әкімі | Қ. Әділбай |
КЕЛІСІЛДІ:
Аягөз ауданының мәслихат төрағасы
_______________А. Ибрайшин
2024 жылғы "08" сәуір
Аягөз ауданы әкімінің қаулысына қосымша |
Аягөз ауданының жолаушыларын тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауға арналған тарифтер
№ | Маршруттың атауы | Жол жүру құны (бір бағытта) теңгемен |
1 | Аягөз-Тарбағатай-Аягөз | 1500 |
2 | Аягөз-Баршатас-Аягөз | 2200 |
3 | Аягөз-Ақшәули-Аягөз | 1400 |
4 | Аягөз-Сарыарқа-Аягөз | 1400 |
5 | Аягөз-Қорық-Аягөз | 2400 |