Аягөз ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 112 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабының 4 тармағына сәйкес, Аягөз ауданының әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Аягөз ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аягөз ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Аягөз ауданының әкімі Қ. Әділбай

 

      КЕЛІСІЛДІ:
Аягөз ауданының мәслихат төрағасы
_______________А. Ибрайшин
2024 жылғы "08" сәуір

  Аягөз ауданы әкімінің
қаулысына қосымша

Аягөз ауданының жолаушыларын тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауға арналған тарифтер

Маршруттың атауы

Жол жүру құны (бір бағытта) теңгемен

1

Аягөз-Тарбағатай-Аягөз

1500

2

Аягөз-Баршатас-Аягөз

2200

3

Аягөз-Ақшәули-Аягөз

1400

4

Аягөз-Сарыарқа-Аягөз

1400

5

Аягөз-Қорық-Аягөз

2400


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады