Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 18 шілдедегі № 01-12/292 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруынан сауықтыру және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралары толығымен аяқталуына байланысты Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылының 7 ауласына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 02 сәуірдегі №2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тарбағатай ауылдық округі әкімі | Е. Ережепов |