Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 02 сәуірдегі № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 18 шілдедегі № 01-12/292 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруынан сауықтыру және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралары толығымен аяқталуына байланысты Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылының 7 ауласына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 02 сәуірдегі №2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Тарбағатай ауылдық округі әкімі Е. Ережепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады