Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 21/184-V "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары, автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма аудандық мәслихатының төрағасы | М. Оспанбаев |