Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары, автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 21/184-V шешімі. Күші жойылды - Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 11/211-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 04.03.2024 № 11/211-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381, 386 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салық ставкалары санаты аталған шешімге 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне автотұрақтар санатына қарай салынатын базалық салық ставкалары бойынша Жарма ауданы аумағында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекендердің жерлеріне аталған шешімге 2-қосымшаға сәйкес ставка мөлшерлері белгіленсін.
      3. Жарма ауданына қарасты автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық ставкаларын қолдану үшін жақын жатқан елді мекен ретінде аталған елді мекенге аумақтық жағынан тиесілі округ белгілейді.
      4. "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салық ставкалары туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 5-10-120 болып тiркелген, "Қалба тынысы" газетінің 2011 жылғы 19 қазандағы № 83 санында жарияланған) Жарма аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 қазандағы № 33/252-IV шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Тұяқбаев
      Мәслихат хатшысы Н. Есполов

  Жарма аудандық мәслихатының
2014 жылғы 18 шілдедегі
№ 21/184 -V шешiмiне
1-қосымша

Жарма ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу туралы

Рет

Автотұрақтардың түрлері

Санаты

1

Жер үстіндегі жабық түрлі автотұрақтар, ашық түрлі автотұрақтар

1 санат

2

Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттың ішіне салынған автотұрақтар

2 санат

3

Ғимараттардың жер астындағы, үй астындағы, жер үстіндегі төменгі немесе цокольдық қабаттарында орналасқан автотұрақтар

3 санат

  Жарма аудандық мәслихатының
2014 жылғы 18 шілдедегі
№ 21/184 -V шешiмiне
2-қосымша

Автотұрақтар үшін бөлінген жерлерге салық ставкаларының санатына қарай мөлшері

Рет

Автотұрақтардың
санаты

ҚР Салық кодексімен белгіленген базалық ставкалар

Шар қ.

кенттер

ауылдар

1

1 санаты

7,24

0,96

0,48

2

2 санаты

7,24

0,96

0,48

3

3 санаты

7,24

0,96

0,48


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады