"Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 316 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16057 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, заңгерлік, педагогикалық) білім және жұмыс өтілі халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, білім және денсаулық сақтау жүйесінде кемінде 3 жыл немесе шағын, орта, ірі кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, заңгерлік, педагогикалық) білім және жұмыс өтілі халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, білім және денсаулық сақтау жүйесінде кемінде 3 жыл немесе шағын, орта, ірі кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-параграфпен толықтырылсын:

      "4-1-Параграф. Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары

      12-1. Лауазымдық міндеттері:

      орталық директорының жалпы басшылығымен және бөлімше басшыларымен өзара іс-қимылда міндеттерді орындайды;

      халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамада көзделген негізгі міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы ұсыну, халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша мансаптық орталықтардың жұмысын бақылайды;

      халыққа консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді;

      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының әлеуетті қатысушыларына бейімдеу қызметтерін көрсету және психологиялық қолдау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      жұмыс берушілермен жұмысты ұйымдастырады, жұмыс іздеушілермен жұмысты үйлестіреді;

      жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      іс-шараларды әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады:

      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

      өтініш білдірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

      кәсіптік оқыту;

      өз бетінше жұмыспен қамтылғандарға, жұмыссыздарға және аз қамтылған азаматтарға ерікті түрде қоныс аударуға, мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға;

      жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырады;

      еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін кәсіптер (мамандықтар) тізбесін айқындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      әрбір нақты жағдайда кәсіптік оқытуды өткізудің неғұрлым орынды нысаны мен орнын айқындайды;

      халықты жұмыспен қамту саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу, тіркелген еңбек нарығының деректер банкін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді;

      халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша озық тәжірибені енгізу бойынша жұмыс жүргізеді;

      халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      кадрларды іріктеу, орналастыру және ауыстыру бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізеді;

      орталықтың қаржы-шаруашылық және өндірістік қызметі жоспарларының орындалуын, шарттардың жасалуын және орындалуын бақылайды;

      халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етеді, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

      мобильді топтардың аудандарға шығуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      бос орындар жәрмеңкелерін, оның ішінде онлайн бос орындар жәрмеңкелерін өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      еңбек және өндірістік тәртіпті нығайту, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыстар жүргізеді;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды және олар бойынша шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді;

      қажетті есептілікті, статистикалық мәліметтердің дұрыстығын ұсынуды қамтамасыз етеді.

      12-2. Мыналарды білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы;

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

      Әлеуметтік кодекс;

      Тілдер туралы заңды;

      Халықтың көші-қоны туралы заңды;

      Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңды;

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;

      ұйымның бейінін, мамандануын және ерекшеліктерін;

      экономикалық инфрақұрылым;

      демографиялық ахуалын;

      өңірдің (ауданның, қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері;

      өңір (аудан, қала) ұйымдарының даму перспективалары мен құрылымдық өзгерістерін;

      еңбек нарығын дамытудың негізгі үрдістері мен бағыттарын;

      қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыруды;

      салық заңнаманың негіздерін;

      еңбек және ұжымдық шарттар жасасу тәртібін;

      экономика негіздерін;

      өрт қауіпсіздігі қағидаларын.

      12-3. Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (әлеуметтік, экономикалық, заңгерлік, педагогикалық) және халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, білім және денсаулық сақтау жүйесінде кемінде 3 жыл немесе шағын, орта, ірі кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Біліктілігіне қойылатын талаптар: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, заңгерлік, педагогикалық) білім және жұмыс өтілі халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау ұйымдарындағы немесе тиісті бейіндегі ұйымдардағы лауазымдарда кемінде 1 жыл.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Біліктілігіне қойылатын талаптар: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, заңгерлік, педагогикалық) білім және жұмыс өтілі халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау ұйымдарындағы немесе тиісті бейіндегі ұйымдардағы лауазымдарда кемінде 1 жыл.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Біліктілігіне қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санат: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыс өтілі халықты жұмыспен қамту және (немесе) әлеуметтік қорғау жүйесінде бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде 3 жыл;

      бірінші санат: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыс өтілі халықты жұмыспен қамту және (немесе) әлеуметтік қорғау жүйесінде екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде 2 жыл;

      екінші санат: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыс өтілі халықты жұмыспен қамту және (немесе) әлеуметтік қорғау жүйесінде санаты жоқ біліктілігі жоғары дәрежедегі маман лауазымында кемінде 1 жыл;

      санаты жоқ: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      біліктілігі орташа деңгейдегі маман:

      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыс өтілі халықты жұмыспен қамту және (немесе) әлеуметтік қорғау жүйесінде бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде 3 жыл;

      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыс өтілі халықты жұмыспен қамту және (немесе) әлеуметтік қорғау жүйесінде екінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде 2 жыл;

      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыс өтілі халықты жұмыспен қамту және (немесе) әлеуметтік қорғау жүйесінде біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл;

      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Біліктілігіне қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санат: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыс өтілі жұмыспен қамту жүйесінде бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде 3 жыл;

      бірінші санат: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыс өтілі жұмыспен қамту жүйесінде екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде 2 жыл;

      екінші санат: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыс өтілі жұмыспен қамту жүйесінде санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде 1 жыл;

      санаты жоқ: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      біліктілігі орташа деңгейдегі маман:

      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыс өтілі жұмыспен қамту жүйесінде бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде 3 жыл;

      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыс өтілі жұмыспен қамту жүйесінде екінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде 2 жыл;

      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыс өтілі жұмыспен қамту жүйесінде санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде 1 жыл;

      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Біліктілігіне қойылатын талаптар:

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Біліктілігіне қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санат: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат) және жұмыс өтілі бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде 2 жыл;

      бірінші санат: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат) және жұмыс өтілі екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде 1 жыл.

      екінші санат: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат)және жұмыс өтілі санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде 1 жыл;

      санаты жоқ: орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат), жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      біліктілігі орташа деңгейдегі маман:

      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыс өтілі бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде 2 жыл;

      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыс өтілі екінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде 1 жыл;

      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыс өтілі санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде 1 жыл;

      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
С. Жакупова

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 октября 2017 года № 360 "Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций социальной защиты и занятости населения"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 15 августа 2024 года № 316

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 октября 2017 года № 360 "Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций социальной защиты и занятости населения" (зарегистрирован Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16057) следующие изменения и дополнение:

      в Типовых квалификационных характеристиках должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций социальной защиты и занятости населения, утвержденных указанным приказом:

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование (социальное, экономическое, юридическое, педагогическое) и стаж работы в системе социальной защиты, занятости населения, образования и здравоохранения не менее 3 лет или на руководящих должностях в субъектах малого, среднего, крупного предпринимательства, квазигосударственного сектора не менее 2 лет";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование (социальное, экономическое, юридическое, педагогическое) и стаж работы в системе социальной защиты, занятости населения, образования и здравоохранения не менее 3 лет или на руководящих должностях в субъектах малого, среднего, крупного предпринимательства, квазигосударственного сектора не менее 2 лет.";

      дополнить параграфом 4-1 следующего содержания:

      "Параграф 4-1. Заместитель директора центра трудовой мобильности

      12-1. Должностные обязанности:

      исполняет обязанности под общим руководством директора центра и во взаимодействии с руководителями подразделений;

      обеспечивает исполнение основных задач и функций, предусмотренных законодательством в сфере занятости населения;

      контролирует работу карьерных центров по качественному и своевременному предоставлению государственных услуг, исполнению мероприятий по обеспечению занятости населения;

      организует и координирует работу по оказанию консультативной помощи населению;

      координирует работу по оказанию адаптационных услуг и психологической поддержки потенциальным участникам активных мер содействия занятости;

      организует работу с работодателями, координирует работу с соискателями;

      осуществляет работу по анализу, прогнозу спроса и предложения рабочей силы;

      координирует и организует работу по разработке мероприятий по:

      реализации активных мер содействия занятости;

      содействию в трудоустройстве обратившихся лиц;

      профессиональному обучению;

      добровольному переселению, предоставлению мер государственной социальной поддержки самостоятельно занятым, безработным и малообеспеченным гражданам;

      осуществляет мониторинг создания рабочих мест;

      организует работу по определению перечня профессий (специальностей) для организации профессионального обучения с учетом потребности на рынке труда;

      определяет в каждом конкретном случае наиболее целесообразную форму и место проведения профессионального обучения;

      организует и координирует работу по внедрению автоматизированных информационных систем в сфере занятости населения, формирование банка данных фиксированного рынка труда;

      проводит работу по внедрению передового опыта по вопросам занятости населения;

      взаимодействует с местными исполнительными органами и организациями по вопросам обеспечения занятости населения;

      вносит предложения руководству по подбору, расстановке и перемещению кадров;

      контролирует исполнение планов финансово-хозяйственной и производственной деятельности Центра, заключение и выполнение договоров;

      обеспечивает информационно-разъяснительную работу по вопросам занятости населения, взаимодействует со средствами массовой информации;

      организует работу по выездам мобильных групп в районы;

      координирует работу по проведению ярмарок вакансий, в том числе онлайн-ярмарок вакансий;

      проводит работу по укреплению трудовой и производственной дисциплины, соблюдению санитарно-эпидемиологических норм, требований пожарной безопасности, охране труда и техники безопасности;

      обеспечивает своевременное рассмотрение обращений физических и юридических лиц и принятие по ним решений;

      обеспечивает представление необходимой отчетности, достоверность статистических сведений.

      12-2. Должен знать:

      Конституцию Республики Казахстан;

      Трудовой кодекс Республики Казахстан;

      Социальный кодекс;

      Закон о языках;

      Закон Республики Казахстан "О миграции населения";

      Закон Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";

      Закон о противодействии коррупции;

      профиль, специализацию и особенности организации;

      хозяйственную инфраструктуру;

      демографическую ситуацию;

      специфику социально-экономического развития региона (района, города);

      перспективы развития и структурных изменений организаций региона (района, города);

      основные тенденции и направления развития рынка труда;

      организацию финансово-хозяйственной деятельности;

      основы налогового законодательства;

      порядок заключения трудовых и коллективных договоров;

      основы экономики;

      Правила пожарной безопасности.

      12-3. Требования к квалификации: высшее (или послевузовское) образование (социальное, экономическое, юридическое, педагогическое) и стаж работы в системе социальной защиты, занятости населения, образования и здравоохранения не менее 3 лет или на руководящих должностях в субъектах малого, среднего, крупного предпринимательства, квазигосударственного сектора не менее 2 лет.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Требования к квалификации: послесреднее образование (прикладной бакалавриат), высшее (или послевузовское) образование (социальное, экономическое, юридическое, педагогическое) и стаж работы на должностях в организациях социальной защиты, занятости населения, образования, здравоохранения или соответствующего профиля не менее 1 года.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Требования к квалификации: послесреднее образование (прикладной бакалавриат), высшее (или послевузовское) образование (социальное, экономическое, юридическое, педагогическое) и стаж работы на должностях в организациях социальной защиты, занятости населения, образования, здравоохранения или соответствующего профиля не менее 1 года.";

      пункт 54 изложить в следующей редакции:

      "54. Требования к квалификации:

      специалист высшего уровня квалификации:

      высшей категории: послесреднее образование (прикладной бакалавриат), высшее (или послевузовское) образование и стаж работы в системе занятости в должности специалиста высшего уровня квалификации первой категории не менее 3 лет;

      первой категории: послесреднее образование (прикладной бакалавриат), высшее (или послевузовское) образование и стаж работы в сфере занятости населения в должности специалиста высшего уровня квалификации второй категории не менее 2 лет;

      второй категории: послесреднее образование (прикладной бакалавриат), высшее (или послевузовское) образование и стаж работы в сфере занятости населения в должности специалиста высшего уровня квалификации без категории не менее 1 года;

      без категории: послесреднее образование (прикладной бакалавриат), высшее (или послевузовское) образование без предъявления требований к стажу работы;

      специалист среднего уровня квалификации:

      высшей категории: техническое и профессиональное (среднее специальное, среднее профессиональное) образование и стаж работы в системе занятости и (или) социальной защиты населения в должности специалиста среднего уровня квалификации первой категории не менее 3 лет;

      первой категории: техническое и профессиональное (среднее специальное, среднее профессиональное) образование и стаж работы в системе занятости и (или) социальной защиты населения в должности специалиста среднего уровня квалификации второй категории не менее 2 лет;

      второй категории: техническое и профессиональное (среднее специальное, среднее профессиональное) образование и стаж работы в системе занятости и (или) социальной защиты населения в должности специалиста среднего уровня квалификации без категории не менее 1 года;

      без категории: техническое и профессиональное (среднее специальное, среднее профессиональное) образование, без предъявления требований к стажу работы по специальности.";

      пункт 57 изложить в следующей редакции:

      "57. Требования к квалификации:

      специалист высшего уровня квалификации:

      высшей категории: послесреднее образование (прикладной бакалавриат), высшее (или послевузовское) образование и стаж работы в системе занятости в должности специалиста высшего уровня квалификации первой категории не менее 3 лет;

      первой категории: послесреднее образование (прикладной бакалавриат), высшее (или послевузовское) образование и стаж работы в сфере занятости населения в должности специалиста высшего уровня квалификации второй категории не менее 2 лет;

      второй категории: послесреднее образование (прикладной бакалавриат), высшее (или послевузовское) образование и стаж работы в сфере занятости населения в должности специалиста высшего уровня квалификации без категории не менее 1 года;

      без категории: послесреднее образование (прикладной бакалавриат), высшее (или послевузовское) образование без предъявления требований к стажу работы;

      специалист среднего уровня квалификации:

      высшей категории: техническое и профессиональное (среднее специальное, среднее профессиональное) образование и стаж работы в сфере занятости населения в должности специалиста среднего уровня квалификации первой категории не менее 3 лет;

      первой категории: техническое и профессиональное (среднее специальное, среднее профессиональное) образование и стаж работы в сфере занятости населения в должности специалиста среднего уровня квалификации второй категории не менее 2 лет;

      второй категории: техническое и профессиональное (среднее специальное, среднее профессиональное) образование и стаж работы в сфере занятости населения в должности специалиста среднего уровня квалификации без категории не менее 1 года;

      без категории: техническое и профессиональное (среднее специальное, среднее профессиональное) образование, без предъявления требований к стажу работы по специальности.";

      пункт 60 изложить в следующей редакции:

      "60. Требования к квалификации:

      пункт 69 изложить в следующей редакции:

      "69. Требования к квалификации:

      специалист высшего уровня квалификации:

      высшей категории: послесреднее образование (прикладной бакалавриат) и стаж работы в качестве специалиста высшего уровня квалификации первой категории не менее 2 лет;

      первой категории: послесреднее образование (прикладной бакалавриат) и стаж работы в качестве специалиста высшего уровня квалификации второй категории не менее 1 года;

      второй категории: послесреднее образование (прикладной бакалавриат) и стаж работы в качестве специалиста высшего уровня квалификации без категории не менее 1 года;

      без категории: послесреднее образование (прикладной бакалавриат) без предъявления требований к стажу работы;

      специалист среднего уровня квалификации:

      высшей категории: техническое и профессиональное (среднее специальное, среднее профессиональное) образование и стаж работы в должности специалиста среднего уровня квалификации первой категории не менее 2 лет;

      первой категории: техническое и профессиональное (среднее специальное, среднее профессиональное) образование и стаж работы в должности специалиста среднего уровня квалификации второй категории не менее 1 года;

      второй категории: техническое и профессиональное (среднее специальное, среднее профессиональное) образование и стаж работы в должности специалиста среднего уровня квалификации без категории не менее 1 года;

      без категории: техническое и профессиональное (среднее специальное, среднее профессиональное) образование без предъявления требований к стажу работы.".

      2. Департаменту занятости населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти календарных дней после подписания настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр труда и социальной защиты населения
Республики Казахстан
С. Жакупова