БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетуге дәрігерлерді тарту бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 14, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 116, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 234/НҚ бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті тест сұрақтарын қазақ және орыс тілдерінде әзірлесін және осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде skills.enbek.kz платформасында орналастыру үшін "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамына ұсынсын.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті сарапшылар тізіліміне енгізілген сарапшы дәрігерлерді "МОДБ" ААЖ-де жұмыс үшін USB-модемдердермен қамтамасыз етуді және оларды орнатуды ұйымдастырсын.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті:
1) пилоттық жобаның жүзеге асырылуын және ай сайынғы мониторингін;
2) "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамымен бірлесіп сырттай проактивті куәландыруға қатысушы сарапшылар тізіліміне (бұдан әрі – сарапшылар тізілімі) енгізілген дәрігерлерге өз құзыреті шегінде консультация беруді;
3) "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамымен бірлесіп сарапшылар тізіліміне енгізілген күннен бастап бір ай мерзімде сарапшылар тізіліміне енгізілген дәрігерлерді "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "МОДБ" ААЖ) жұмыс бойынша оқыту жүргізуді;
4) мүгедектікті белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызметті проактивті сырттай форматта көрсету үшін сарапшылар тізіліміне енгізілген сарапшы дәрігерлерге USB-модемдерді уақытша пайдалануға беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.";
осы бірлескен бұйрықпен бекітілген "Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетуге дәрігерлерді тарту бойынша іс-қимыл алгоритмінде:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомствосы;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Үміткерлердің құжаттарын қабылдау басталғаны туралы хабарландыру Комитеттің ресми сайтында құжаттарды қабылдау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күн бұрын жарияланады.
Хабарландыру құжаттарды қабылдау мерзімі және тапсыру тәртібі туралы мәліметтерді, сондай-ақ:
1) орналасқан жері, пошталық мекенжайлары, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары көрсетіліп, конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауын;
2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетілген сарапшы дәрігерлердің мамандық атауын;
3) осы Алгоритмнің 5-тармағында көрсетілген үміткерге қойылатын талаптарды;
4) осы Алгоритмнің 7-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін қамтиды;
5) сарапшылар тізіліміне іріктеліп алынатын үміткерлер саны.";
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мәлімделген мамандық бойынша біліктілік деңгейін және оның клиникалық практикаға дайындығын қоса алғанда, кәсіби қызметке дайындығын растайтын клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатының немесе клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатының болуы;";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Үміткерлер әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына (http://aleumet.egov.kz) сарапшылар тізіліміне енгізу үшін КДП сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісе отырып, "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын, электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында мынадай мәліметтерді қалыптастыра отырып, осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:
1) жалпы медицина, емдеу ісі, педиатрия мамандығының сыныптауышына сәйкес келетін жоғары медициналық білімі туралы диплом (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);
2) үздіксіз еңбек өтілінің болуын растайтын құжат (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек кітапшасы немесе басқа құжат);
3) мәлімделген мамандық бойынша біліктілік деңгейін және оның клиникалық практикаға дайындығын қоса алғанда, кәсіби қызметке дайындығын растайтын клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты немесе клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификаты;
4) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мәселелері бойынша соңғы 5 жылда жалпы көлемі кемінде 2 кредит (60 сағат) білім алғанын растайтын құжат. Аталған құжат медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде 5 жылдан астам жалпы жұмыс өтілі болған жағдайда талап етілмейді;
5) "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер;
6) "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер;
7) соттылығының болуы не болмауы туралы мәліметтер.
1), 2), 3) және 4) тармақшалар бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде, растайтын электрондық құжаттар көшірмелері әлеуметтік қызметтер порталындағы "Өнім берушінің кабинеті" модулі арқылы электрондық түрде ұсынылады.";
8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) үміткерге осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы СМС-хабарлама жолдайды және де әлеуметтік қызметтер порталындағы жеке кабинетіне мынадай себептерді көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту туралы ақпарат жолдайды:
құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну және (немесе) олардың жарамдылық мерзімінің аяқталуы;
осы Алгоритмнің 6-тармағында көрсетілген ақпараттардың анықталуы;
осы Алгоритмнің 7-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген растайтын құжаттардың (ақпараттардың) болмауы.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Тестілеу нәтижелері сұрақтардың жалпы санынан кемінде 70 % дұрыс жауап және прокторинг жүйесінің оң қорытындысы болған кезде оң деп есептеледі.
70 %-дан аз дұрыс жауаптар және/немесе прокторинг жүйесінің теріс қорытындысын алған жағдайда және/немесе ақпараттық жүйелердің жұмысындағы техникалық іркілістер туралы актімен расталған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда, үміткерлердің skills.enbek.kz платформада бір реттік қайта тестілеу осы Алгоритмнің 8-тармағының 2-тармақшасына сәйкес мерзімдерде рұқсат етіледі.
Тестілеу нәтижесі автоматты түрде қалыптастырылады және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) үміткердің және Комитеттің жеке кабинеттеріне жіберіледі.
Тестілеу нәтижесі теріс болған жағдайда және/немесе прокторинг жүйесінің теріс қорытындысы болған жағдайда немесе осы Алгоритмнің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімде тестілеуден өтпеген жағдайда үміткерге автоматты түрде осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес нысанда сарапшылар тізіліміне қосудан бас тарту туралы СМС-хабарлама жіберіледі, және де әлеуметтік қызметтер порталындағы жеке кабинетіне сарапшылар тізіліміне қосудан бас тарту туралы ақпарат жіберіледі.";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Сарапшы дәрігер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шартқа ЭЦҚ-мен қол қояды.
Шартқа қол қойылмаған жағдайда, сарапшы дәрігерге автоматты түрде сарапшылар тізіліміне қосудан бас тарту туралы СМС-хабарлама жіберіледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Сарапшылар тізілімінен сарапшы дәрігерді шығару үшін:
1) осы Алгоритмге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшы дәрігердің сарапшылар тізілімнен шығаруға өтініші;
2) соттың сарапшы дәрігерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тануы;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
4) сарапшы дәрігердің қайтыс болуы;
5) шартта анықталған куәландыру бойынша бекітілген жоспарлы көрсеткішті жүйелі (3 реттен астам) орындамаған кезде шартты бұзуға негіз болып табылады.
Сарапшы дәрігерді 2), 3) және 4) тармақшалар бойынша сарапшылар тізілімінен шығару автоматтандырылған режимде жүргізіледі.
Сарапшы дәрігерді осы тармақтың 5) тармақшасы бойынша сарапшылар тізілімінен алып тастаған жағдайда, сарапшылар тізіліміне қайта енгізу алып тасталады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. МӘС актісінің жобасы МӘС бөлімдерінің екі эксаумақтық сарапшыларына (бір басшы және бір бас маман) және сарапшы дәрігерге автоматты түрде берілді.
МӘС актісінің жобаларын сарапшы дәрігерлерге бөлу 30 қарашаны қоса алғанға дейін жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 18-1 тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Сарапшылар тізілімінен шығарылған не еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша сарапшы дәрігердің белгіленген мерзімдерде орындалмаған мемлекеттік қызметтері сарапшылар тізіліміндегі сарапшы дәрігерлерінің арасында бөлінеді және сарапшы дәрігерге жіберілген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Сарапшы дәрігер жұмысының нәтижелерін бағалау "МОДБ" ААЖ автоматтандырылған режимде:
ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне;
жылына бір рет, 2024 жылғы 20 желтоқсанға қарай жүргізіледі.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Сарапшы дәрігер жұмысының нәтижелерін ай сайынғы бағалау осы Алгоритмнің 24-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін сарапшы дәрігер қорытындыларының пайыздық орташа арифметикалық мәнін мынадай формула бойынша айқындау арқылы жүзеге асырылады:
мұндағы:
Бағалау – ай сайынғы бағалау (%);
А – осы Алгоритмнің 24-тармағымен белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін қорытындылардың саны;
К1 – айына көрсетілген қызметтер саны;
К2 – куәландырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны (алғашқы куәландыру кезінде);
К3 – жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген қайта куәландырудан өткен адамдардың саны;
К4 – ОЖБ әзірленген мүгедектігі бар адамдар саны;
С – К көрсеткіштерінің саны 1-ге тең немесе одан көп.";
"Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетуге дәрігерлерді тарту бойынша іс-қимыл алгоритміне 1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетуге дәрігерлерді тарту бойынша іс-қимыл алгоритміне 8-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері осы бірлескен бұйрықты өздерінің мүдделі аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
_________ А. Әлназарова |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
_________ С. Жақыпова |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
____________ Ж. Мәдиев |
Нысан
_________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы)
Сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізіліміне енгізуге өтініш
Сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізіліміне мені,
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын
____________________ нозологиялық нысандар бойынша медициналық әлеуметтік сараптаманың сарапшы дәрігері ретінде қосуды сұраймын.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне (БСН 141140008702) менің дербес деректерімді және проактивті сырттай куәландыруға қатысатын сарапшылар тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) енгізу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге және тізілімнен шығарылғанға дейінгі кезеңде келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректердің тізбесі: ТАӘ, ЖСН, банк деректемелері, электрондық пошта, телефон нөмірі.
Анық емес мәліметтер мен жалған құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Тізілімге енгізу кезінде техникалық қамтамасыз етуді:
- "МОДБ" ААЖ-да жұмыс жасау үшін қажет техникалық сипаттамалары бар компьютер немесе ноутбуктың болуын;
- "МОДБ" ААЖ-ге USB-модем арқылы қосылу мүмкіндігі бар интернеттің болуын өзім реттеу қажеттілігі туралы ескертілдім.
МӘС дәрігерінің қызметіне ақы төлеудің шарттарымен және бекітілген тарифтерімен таныстым және келісемін.
Электрондық мекенжай (міндетті):____________@______
Телефон нөмірі:
20 ___ жылғы "___" _____________
Қолы / ЭЦҚ____________
Нысан
Құрметті (Үміткердің Т.А.Ә.) !
Сізді Сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылардың тізіліміне енгізуден бас тартылғаны туралы хабардар етеміз (бір немесе бірнеше себептерді көрсете отырып):
- skills.enbek.kz платформасында тестілеудің теріс нәтижесіне байланысты;
- skills.enbek.kz платформасында прокторинг жүйесінің теріс қорытындысына байланысты;
- хабарлама алған күннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде skills.enbek.kz платформасында міндетті немесе қайталама тестілеуден өтпеуіне байланысты;
- шартқа 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қойылмауына байланысты.
Нысан
Сарапшы дәрігер қызметінің бағасын айқындау кестесі
__________________________________________________________ (сарапшы дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 20___ жылғы __________ (ай / жыл)
№ | Ағымдағы жылға сарапшы дәрігердің бір қызметінің тарифі (теңге) | Ай сайынғы бағалаудың мәні (%) |
Сарапшы дәрігер жұмысының нәтижелерін бағалауды ескере отырып, қызмет бірлігінің бағасы (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 |
Орындаушы / Өнім беруші
ТАӘ (бар болса)
_________________
____ ж. .__. ______
Банк реквизиттері: ____________________
Банк атауы ___________________________
Банк шоты № _________________________
БСК _________________________________
ЖСК/ IBAN ___________________________
Шот түрі: ағымдағы