Ескерту. 01.01.2025 дейін қолданылады – осы бірлескен бұйрықтың 8-тармағымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетуге дәрігерлерді тарту бойынша пилоттық жобасы іске қосылсын.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетуге дәрігерлерді тарту бойынша іс-қимыл алгоритмі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті тест сұрақтарын қазақ және орыс тілдерінде әзірлесін және осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде skills.enbek.kz платформасында орналастыру үшін "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамына ұсынсын.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.3-1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті сарапшылар тізіліміне енгізілген сарапшы дәрігерлерді "МОДБ" ААЖ-де жұмыс үшін USB-модемдердермен қамтамасыз етуді және оларды орнатуды ұйымдастырсын.
Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті:
1) пилоттық жобаның жүзеге асырылуын және ай сайынғы мониторингін;
2) "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамымен бірлесіп сырттай проактивті куәландыруға қатысушы сарапшылар тізіліміне (бұдан әрі – сарапшылар тізілімі) енгізілген дәрігерлерге өз құзыреті шегінде консультация беруді;
3) "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамымен бірлесіп сарапшылар тізіліміне енгізілген күннен бастап бір ай мерзімде сарапшылар тізіліміне енгізілген дәрігерлерді "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "МОДБ" ААЖ) жұмыс бойынша оқыту жүргізуді;
4) мүгедектікті белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызметті проактивті сырттай форматта көрсету үшін сарапшылар тізіліміне енгізілген сарапшы дәрігерлерге USB-модемдерді уақытша пайдалануға беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.5. "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы:
1) сарапшылар тізіліміне енгізілген дәрігерлерге "МОДБ" ААЖ-ге рұқсат берсін;
2) пилоттық жобаны техникалық қолдауды, "МОДБ" ААЖ үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етсін.
6. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Денсаулық сақтау министрліктері осы бірлескен бұйрықты мүдделі аумақтық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың назарына жеткізсін.
7. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Денсаулық сақтау вице-министрлеріне жүктелсін.
8. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді және 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
|
| ||
|
|
"Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетуге дәрігерлерді тарту бойынша іс-қимыл алгоритмі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетуге дәрігерлерді тарту бойынша іс-қимыл алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) "Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) проактивті сырттай көрсетуге дәрігерлерді тарту процесін анықтайды.
2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – осы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;
2) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі (бұдан әрі – мемлекеттік сервис) – дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомствосы;
4) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеп (белгілемей), куәландырылатын адамның организмі функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларын қажетсінуін айқындау;
5) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің эксаумақтық сарапшысы – қызмет көрсету өңірінен тыс жерде тұратын көрсетілетін қызметті алушыларға сырттай проактивті куәландыру жүргізетін медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің маманы;
6) мобильді азаматтар дерекқоры (бұдан әрі – МАД) – ақпараттық жүйелерде ескертулерді және авторизацияны жіберу/қабылдау үшін қажетті пайдаланушының ұялы телефон нөмірлерінің бірыңғай дерекқоры;
7) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедектігі бар адамды абилитациядан және оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін оның жеке қажеттіліктері негізінде белгілейтін құжат;
8) "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "МОДБ" ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттіліктен айырылу, абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
9) "Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетуге тартылатын дәрігер (бұдан әрі – үміткер, сарапшы дәрігер) – сырттай проактивті куәландыруға қатысушы сарапшылар тізіліміне енгізілген және осы Алгоритмде айқындалатын талаптарға сәйкес келетін тәуелсіз сарапшы, жек тұлға;
10) сырттай проактивті куәландыру – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен (бұдан әрі – ҚР ДСМ АЖ) келіп түскен иесіздендірілген құжаттар негізінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;
11) сырттай проактивті куәландыруға қатысушы сарапшылар тізілімі (бұдан әрі – сарапшылар тізілімі) – мамандықтар бейінін көрсете отырып, сырттай проактивті куәландыруға қатысатын "МОДБ" ААЖ-дегі МӘС бөлімдерінің эксаумақтық сарапшыларының және сарапшы дәрігерлерінің тізімі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2-тарау. Сарапшы дәрігерлерді қызметті сырттай проактивті көрсетуге тарту тәртібі және оларды сырттай проактивті куәландыруға қатысушы сарапшылар тізілімінен шығару негіздері
3. Сарапшы дәрігерлерді мүгедектікті және еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеудің проактивті сырттай форматында тарту сарапшы дәрігер мен Комитет арасында қол қойылған медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сараптамасы қызметтерін өтеулі көрсету шартының (бұдан әрі – Шарт) негізінде жүргізіледі.
4. Үміткерлердің құжаттарын қабылдау басталғаны туралы хабарландыру Комитеттің ресми сайтында құжаттарды қабылдау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күн бұрын жарияланады.
Хабарландыру құжаттарды қабылдау мерзімі және тапсыру тәртібі туралы мәліметтерді, сондай-ақ:
1) орналасқан жері, пошталық мекенжайлары, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары көрсетіліп, конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауын;
2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетілген сарапшы дәрігерлердің мамандық атауын;
3) осы Алгоритмнің 5-тармағында көрсетілген үміткерге қойылатын талаптарды;
4) осы Алгоритмнің 7-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін қамтиды;
5) сарапшылар тізіліміне іріктеліп алынатын үміткерлер саны.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.5. Мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетуге тартылатын дәрігерлерге қойылатын талаптар:
1) жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім (резидентура) (бар болса): денсаулық сақтау (жалпы медицина, емдеу ісі, педиатрия) мамандықтары бойынша;
2) "Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы" бірлескен бұйрығымен бекітілген проактивті сырттай куәландыру жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесіне сәйкес мәлімделген медициналық мамандық бойынша немесе медициналық-әлеуметтік сараптама саласында кемінде 5 жыл үздіксіз еңбек өтілі;
3) мәлімделген мамандық бойынша біліктілік деңгейін және оның клиникалық практикаға дайындығын қоса алғанда, кәсіби қызметке дайындығын растайтын клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатының немесе клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатының болуы;
4) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мәселелері бойынша соңғы 5 жылда жалпы көлемі кемінде 2 кредит (60 сағат) оқудан өту. Аталған талап медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде 5 жылдан астам жалпы жұмыс өтілі болған жағдайда талап етілмейді.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.6. Мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетуге:
1) сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
2) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;
3) МАД-та ұялы телефон нөмірі жоқ болған дәрігерлерді тартуға жол берілмейді.
7. Үміткерлер әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына (http://aleumet.egov.kz) сарапшылар тізіліміне енгізу үшін КДП сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісе отырып, "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын, электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында мынадай мәліметтерді қалыптастыра отырып, осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:
1) жалпы медицина, емдеу ісі, педиатрия мамандығының сыныптауышына сәйкес келетін жоғары медициналық білімі туралы диплом (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);
2) үздіксіз еңбек өтілінің болуын растайтын құжат (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек кітапшасы немесе басқа құжат);
3) мәлімделген мамандық бойынша біліктілік деңгейін және оның клиникалық практикаға дайындығын қоса алғанда, кәсіби қызметке дайындығын растайтын клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты немесе клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификаты;
4) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мәселелері бойынша соңғы 5 жылда жалпы көлемі кемінде 2 кредит (60 сағат) білім алғанын растайтын құжат. Аталған құжат медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде 5 жылдан астам жалпы жұмыс өтілі болған жағдайда талап етілмейді;
5) "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер;
6) "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер;
7) соттылығының болуы не болмауы туралы мәліметтер.
1), 2), 3) және 4) тармақшалар бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде, растайтын электрондық құжаттар көшірмелері әлеуметтік қызметтер порталындағы "Өнім берушінің кабинеті" модулі арқылы электрондық түрде ұсынылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.8. Комитет өтінішті қабылдаған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
1) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен жарамдылық мерзімін, оның ішінде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер негізінде тексереді;
2) құжаттар топтамасы толық болған жағдайда осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес нысанда үміткерге міндетті тестілеуден өту қажеттілігі туралы СМС-хабарлама жолдайды және де әлеуметтік қызметтер порталындағы жеке кабинетіне skills.enbek.kz платформасында хабарламаны алған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде міндетті тестілеуден өту туралы ақпарат жібереді;
3) үміткерге осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы СМС-хабарлама жолдайды және де әлеуметтік қызметтер порталындағы жеке кабинетіне мынадай себептерді көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту туралы ақпарат жолдайды:
құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну және (немесе) олардың жарамдылық мерзімінің аяқталуы;
осы Алгоритмнің 6-тармағында көрсетілген ақпараттардың анықталуы;
осы Алгоритмнің 7-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген растайтын құжаттардың (ақпараттардың) болмауы.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.9. Тестілеу прокторинг жүйесін қолдану арқылы skills.enbek.kz платформасында үміткердің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде ақылы негізде өткізіледі.
Тестілер Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасы бойынша, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу негіздері бойынша, куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін бағалау бойынша 90 сұрақтан тұрады.
Тестілеу уақыты – 90 минут.
10. Тестілеу барысында үміткерлерге үшінші тұлғалардың көмек көрсетуіне, көмекші құжаттарды (анықтамалық, арнайы әдебиет), байланыс құралдарын, электрондық тасығыштағы жазбаларды пайдалануға жол берілмейді.
11. Тестілеу нәтижелері сұрақтардың жалпы санынан кемінде 70 % дұрыс жауап және прокторинг жүйесінің оң қорытындысы болған кезде оң деп есептеледі.
70 %-дан аз дұрыс жауаптар және/немесе прокторинг жүйесінің теріс қорытындысын алған жағдайда және/немесе ақпараттық жүйелердің жұмысындағы техникалық іркілістер туралы актімен расталған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда, үміткерлердің skills.enbek.kz платформада бір реттік қайта тестілеу осы Алгоритмнің 8-тармағының 2-тармақшасына сәйкес мерзімдерде рұқсат етіледі.
Тестілеу нәтижесі автоматты түрде қалыптастырылады және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) үміткердің және Комитеттің жеке кабинеттеріне жіберіледі.
Тестілеу нәтижесі теріс болған жағдайда және/немесе прокторинг жүйесінің теріс қорытындысы болған жағдайда немесе осы Алгоритмнің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімде тестілеуден өтпеген жағдайда үміткерге автоматты түрде осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес нысанда сарапшылар тізіліміне қосудан бас тарту туралы СМС-хабарлама жіберіледі, және де әлеуметтік қызметтер порталындағы жеке кабинетіне сарапшылар тізіліміне қосудан бас тарту туралы ақпарат жіберіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.12. Тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда, Комитет 5 (бес) жұмыс күні ішінде сарапшылар тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды, шарт әзірлейді және сарапшы дәрігерге ЭЦҚ-мен қол қоюға жібереді.
12-1. Сарапшы дәрігер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шартқа ЭЦҚ-мен қол қояды.
Шартқа қол қойылмаған жағдайда, сарапшы дәрігерге автоматты түрде сарапшылар тізіліміне қосудан бас тарту туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.13. Комитет сарапшы дәрігер шартқа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның деректерін сарапшылар тізіліміне енгізеді.
Сырттай проактивті куәландыруға қатысушы сарапшылар тізілімі "МОБД" ААЖ-де осы Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес нысанда қалыптастырылады.
Сарапшы дәрігерді сарапшылар тізіліміне енгізген кезде, сарапшы дәрігерді "МОБД" ААЖ-де жұмыс жасауға жіберу туралы сұрау автоматты түрде қалыптастырылады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Сұраныс 16:00-ден кейін жасалған жағдайда, рұқсат келесі жұмыс күні сағат 14:00-ге дейін ұсынылады.
14. Сарапшылар тізілімінен сарапшы дәрігерді шығару үшін:
1) осы Алгоритмге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшы дәрігердің сарапшылар тізілімнен шығаруға өтініші;
2) соттың сарапшы дәрігерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тануы;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
4) сарапшы дәрігердің қайтыс болуы;
5) шартта анықталған куәландыру бойынша бекітілген жоспарлы көрсеткішті жүйелі (3 реттен астам) орындамаған кезде шартты бұзуға негіз болып табылады.
Сарапшы дәрігерді 2), 3) және 4) тармақшалар бойынша сарапшылар тізілімінен шығару автоматтандырылған режимде жүргізіледі.
Сарапшы дәрігерді осы тармақтың 5) тармақшасы бойынша сарапшылар тізілімінен алып тастаған жағдайда, сарапшылар тізіліміне қайта енгізу алып тасталады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.15. Ай сайынғы/жылдық бағалау нәтижелері де шарттың ережелеріне сәйкес сарапшы дәрігерді сарапшылар тізілімінен шығаруға негіз бола алады.
16. Сарапшылар тізілімінен осы Алгоритмнің 14 тармағының 5) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша шығарылған сарапшы дәрігер сарапшылар тізіліміне енгізуге қайта өтініш бере алмайды.
3-тарау. Сарапшы дәрігердің "Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетуге қатысуы
17. "Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсету ""Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 384, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 маусымдағы № 304, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 204 бірлескен бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
18. МӘС актісінің жобасы МӘС бөлімдерінің екі эксаумақтық сарапшыларына (бір басшы және бір бас маман) және сарапшы дәрігерге автоматты түрде берілді.
МӘС актісінің жобаларын сарапшы дәрігерлерге бөлу 30 қарашаны қоса алғанға дейін жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.18-1. Сарапшылар тізілімінен шығарылған не еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша сарапшы дәрігердің белгіленген мерзімдерде орындалмаған мемлекеттік қызметтері сарапшылар тізіліміндегі сарапшы дәрігерлерінің арасында бөлінеді және сарапшы дәрігерге жіберілген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.4-тарау. Сарапшы дәрігер жұмысының нәтижелерін бағалау тәртібі мен өлшемшарттары
19. Сарапшы дәрігер жұмысының нәтижелерін бағалау "МОДБ" ААЖ автоматтандырылған режимде:
ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне;
жылына бір рет, 2024 жылғы 20 желтоқсанға қарай жүргізіледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.20. Сарапшы дәрігер жұмысының нәтижелерін ай сайынғы бағалау осы Алгоритмнің 24-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін сарапшы дәрігер қорытындыларының пайыздық орташа арифметикалық мәнін мынадай формула бойынша айқындау арқылы жүзеге асырылады:
мұндағы:
Бағалау – ай сайынғы бағалау (%);
А – осы Алгоритмнің 24-тармағымен белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін қорытындылардың саны;
К1 – айына көрсетілген қызметтер саны;
К2 – куәландырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны (алғашқы куәландыру кезінде);
К3 – жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген қайта куәландырудан өткен адамдардың саны;
К4 – ОЖБ әзірленген мүгедектігі бар адамдар саны;
С – К көрсеткіштерінің саны 1-ге тең немесе одан көп.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.21. Сарапшы дәрігер жұмысының нәтижелерін жылдық бағалау ай сайынғы бағалаудың орташа арифметикалық мәнін айқындау арқылы жүзеге асырылады.
22. Сарапшы дәрігер жұмысының нәтижелерін бағалау қорытындысы бойынша "МОДБ" ААЖ осы Алгоритмге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшы дәрігер жұмысының нәтижелерін бағалау кестесін қалыптастырады.
23. Сарапшы дәрігер жұмысының ай сайынғы және жылдық бағалау қорытындысы "МОДБ" ААЖ-дағы оның жеке профилінде көрсетіледі және өзінің ЭЦҚ-сы арқылы қол қойылады.
Жұмыс нәтижелері (ай сайынға және жылдық) қол қойылғаннан кейін Комитетке жолданады.
Ай сайынғы және жылдық бағалауды қарау, сондай-ақ оның нәтижелеріне қол қою тәртібі шартта белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
24. Сарапшы дәрігер жұмысының нәтижелерін бағалау мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:
1) сараптамалық шешім шығарудың уақтылығы;
2) шығарылған шешімнің (мүгедектікті белгілеу / белгілемеу) организм функциялары мен тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесіне сәйкестігі;
3) алғашқы куәландыру кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу (бұдан әрі – ЖЕА) дәрежесін белгілеу;
4) қайта куәландыру кезінде ЖЕА белгіленген адамдарға ЖЕА дәрежесін белгілеу / белгілемеу;
5) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 41-тармағына сәйкес ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу.
25. Сарапшы дәрігерлердің өтініштері мен шағымдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
5-тарау. Сарапшы дәрігер қызметтеріне ақы төлеу тәртібі және тарифтері
26. Сарапшы дәрігер ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей осы Алгоритмге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшы дәрігер жұмысының нәтижелерін бағалау кестесінің және қызметінің бағасын айқындау деректерін ескере отырып, "МОДБ" ААЖ-де "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8265 болып тіркелген) бекітілген Р-1 нысаны бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін (бұдан әрі – Орындалған жұмыстардың актісі) қалыптастырады. Орындалған жұмыстардың актісі сарапшы дәрігердің ЭЦҚ-мен қол қойылғаннан кейін Комитетке түседі.
27. Орындалған жұмыстардың актісін қалыптастыру және толтыру тәртібі шартта айқындалады.
28. Комитет орындалған жұмыстардың актісін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
1) оның дұрыс толтырылуын және негізділігін тексереді;
2) бұрыс және анық емес толтырылған жағдайда "МОДБ" ААЖ-да ескертулерді көрсете отырып, сарапшы дәрігерге қайта қарау үшін қайтарады.
Сарапшы дәрігер орындалған жұмыстардың актісіне ескертулерді алған күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны пысықтайды, ЭЦҚ-мен қол қояды және Орындалған жұмыстардың актісі осы Алгоритмнің 26-тармағына сәйкес Комитетке қарау үшін қайта жолданады;
3) дұрыс және анық толтырылған жағдайда орындалған жұмыстардың актісіне қол қояды және сарапшы дәрігер қызметтеріне ақысын төлеу үшін Министрлікке жолдайды. Ақы төлеу Министрлікпен шартта көрсетілген сарапшы дәрігердің ағымдағы шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
29. Сарапшы дәрігер қызметтерінің құны мына формула бойынша есептеледі:
Сарапшы дәрігер қызметтерінің құны = (В* К1), мұндағы
К1 – айына көрсетілген қызметтер саны;
В – сарапшы дәрігер қызметінің бағасын айқындау кестесі бойынша жүзеге асырылатын сарапшы дәрігер жұмысының нәтижелерін бағалауды ескере отырып, қызмет бірлігінің бағасы.
30. МӘС дәрігерлерінің бір қызметі үшін тариф (Тариф) мына формула бойынша есептеледі:
Тариф = (ЛЖ / 20 жұмыс күні / 8 сағат жұмыс), мұндағы:
ЛЖ – "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 ҚБП қаулысына сәйкес С-О-5 санаты бойынша ең жоғары лауазымдық жалақы.
31. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
_________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы) Сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізіліміне енгізуге өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізіліміне мені,
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын
____________________ нозологиялық нысандар бойынша медициналық әлеуметтік сараптаманың сарапшы дәрігері ретінде қосуды сұраймын.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне (БСН 141140008702) менің дербес деректерімді және проактивті сырттай куәландыруға қатысатын сарапшылар тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) енгізу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге және тізілімнен шығарылғанға дейінгі кезеңде келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректердің тізбесі: ТАӘ, ЖСН, банк деректемелері, электрондық пошта, телефон нөмірі.
Анық емес мәліметтер мен жалған құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Тізілімге енгізу кезінде техникалық қамтамасыз етуді:
- "МОДБ" ААЖ-да жұмыс жасау үшін қажет техникалық сипаттамалары бар компьютер немесе ноутбуктың болуын;
- "МОДБ" ААЖ-ге USB-модем арқылы қосылу мүмкіндігі бар интернеттің болуын өзім реттеу қажеттілігі туралы ескертілдім.
МӘС дәрігерінің қызметіне ақы төлеудің шарттарымен және бекітілген тарифтерімен таныстым және келісемін.
Электрондық мекенжай (міндетті):____________@______
Телефон нөмірі:
20 ___ жылғы "___" _____________
Қолы / ЭЦҚ____________
Құрметті (Үміткердің Т.А.Ә.) !
Сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізіліміне енгізу үшін Сізге осы смс-хабарламаны алған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде skills.enbek.kz платформасында міндетті тестілеуден өту қажет.
Құрметті (Үміткердің Т.А.Ә.) !
Сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізіліміне енгізу үшін өтінішті қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлаймыз (бір немесе бірнеше себептерді көрсете отырып):
-құжаттар топтамасын толық емес ұсыну;
-жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсыну;
-сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы мәліметтерді анықтау;
-психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда тіркеу туралы мәліметтерді анықтау;
-жоғары медициналық білім туралы дипломның болмауы;
-үздіксіз жұмыс өтілін растайтын құжаттың болмауы;
-медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мәселелері бойынша соңғы 5 жылды оқытуды аяқтағанын растайтын құжаттың болмауы.
Құрметті (Үміткердің Т.А.Ә.) !
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Сізді Сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылардың тізіліміне енгізуден бас тартылғаны туралы хабардар етеміз (бір немесе бірнеше себептерді көрсете отырып):
- skills.enbek.kz платформасында тестілеудің теріс нәтижесіне байланысты;
- skills.enbek.kz платформасында прокторинг жүйесінің теріс қорытындысына байланысты;
- хабарлама алған күннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде skills.enbek.kz платформасында міндетті немесе қайталама тестілеуден өтпеуіне байланысты;
- шартқа 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қойылмауына байланысты.
Сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізілімі
№ | ЖСН | Маманның ТАӘ (бар болса) | Тұрғылықты өңірі | Жұмыс орны | МӘС-те еңбек өтілі | Мамандық профилі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы
Нозологиялар бойынша бекітілім (АХЖ10) | Тізілімге енгізілген күні | Тізілімнен шығару күні | Еңбек демалыстары кезеңі | Көшпелі отырыстар кезеңі | Еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңі |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
____________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
Сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізілімінен шығаруға өтініш
Сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізілімінен мені, шығаруды
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
сұраймын.
Негіздеме _________________________________________________________________
Сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізілімінен шығару үшін қажетті менің дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Электрондық мекенжай (міндетті): ____________@______
Телефон нөмірі:
20___ жылғы "___" _____________
Қолы / ЭЦҚ_____________
Сарапшы дәрігер жұмысының нәтижелерін бағалау кестесі
__________________________________________________________
(сарапшы дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса) 20___ жылғы __________
(ай / жыл)
№ | Өлшемшарттар | Жалпы саны | Өлшемшарттарға сәйкес келетін шешімдер саны | Бағалау (%) |
1. | сараптамалық шешімнің уақтылы шығарылуы | К1 | ||
2. | шығарылған шешімнің (мүгеддектікті белгілеу / белгілемеу) организм функциялары мен тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесіне сәйкестігі | К1 | ||
3. | алғашқы куәландыру кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу | К2 | ||
4. | қайта куәландыру кезінде жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген адамдарға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу / белгілемеу | К3 | ||
5. | ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу | К4 | ||
БАРЛЫҒЫ |
Ескертпе:
К1 – айына көрсетілген қызметтер саны;
К2 – куәландырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны (алғашқы куәландыру кезінде);
К3 – жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген қайта куәландырудан өткен адамдардың саны;
К4 – ОЖБ әзірленген мүгедектігі бар адамдар саны.
_____ жылғы "___" _____________
Қолы / ЭЦҚ_____________
Сарапшы дәрігер қызметінің бағасын айқындау кестесі __________________________________________________________
(сарапшы дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20___ жылғы __________ (ай / жыл)
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2024 № 378, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 № 615/НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2024 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
№ | Ағымдағы жылға сарапшы дәрігердің бір қызметінің тарифі (теңге) | Ай сайынғы бағалаудың мәні (%) |
Сарапшы дәрігер жұмысының нәтижелерін бағалауды ескере отырып, қызмет бірлігінің бағасы (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 |
Орындаушы / Өнім беруші
ТАӘ (бар болса)
_________________
____ ж. .__. ______
Банк реквизиттері: ____________________
Банк атауы ___________________________
Банк шоты № _________________________
БСК _________________________________
ЖСК/ IBAN ___________________________
Шот түрі: ағымдағы