БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 205 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
14-тармақ келесі мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
"30-1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензияны беру;".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаралар қабылдауды;
2) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің м.а. | А. Сарбасов |