"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 12 мамырдағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жалғызтөбе ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байзақ ауданы Жалғызтөбе ауылдық округі Жетібай ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Төле би көшесінің 2 - тұйық көшесі Нұрлы тұйық көшесіне;
Төле би көшесінің 3 - тұйық көшесі Шапағат тұйық көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі | Н. Унетаев |