Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жезқазған қаласы Талап ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Жезқазған қаласы Талап ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Жезқазған қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы №17/142 "Жезқазған қаласы Талап ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы | Р.О.Қапарова |
Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы "24" мамырдағы №18/107 шешіміне 1 қосымша |
Жезқазған қаласы Талап ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3- бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Жезқазған қаласы Талап ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны- ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін- өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың аумағы учаскелерге ( ауылдар,көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшеден саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Ауыл әкімі-ауыл, көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді үйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауыл әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен оның ішінде ұялы байланыс арқылы қоңырау шалу немесе Whatsapp. Instagram. Telegram мессенджерлерін пайдалану арқылы хабарлама жіберу тәсілімен, өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көше тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдың әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдың әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жезқазған қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күн ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін "Талап селосы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы "24" мамырдағы №18/107 шешіміне 2 қосымша |
Жезқазған қаласы Талап ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Көшелердің атауы | Өкілдерінің сандық құрамы /адам/ |
1 | Болашақ көшесі | 2 |
2 | Абай көшесі | 1 |
3 | Центральная көшесі | 2 |
4 | С.Сейфуллин көшесі | 2 |
5 | Молодежная көшесі | 1 |
6 | Мичурин көшесі | 1 |
7 | Құрманғазы көшесі | 1 |
8 | Дүйсенбек Бектепбергенов көшесі | 2 |
9 | Микрорайон | 1 |
Барлығы | 13 |