Талап ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы

Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 2 тамыздағы № 20/124 шешімі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Талап ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р.Қапарова

  Жезқазған қалалық
мәслихатының 2024 жылғы
2 тамыздағы №20/124
шешімімен бекітілген

Талап ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 19.11.2024 № 25/149 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Талап ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті (бұдан әрі-Регламент) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының (бұдан әрі-Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Жезқазған қаласының Талап ауылының аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі-жиналыс) - жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;

      3) жергілікті маңызы бар мәселелер - реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес Жезқазған қаласының Талап ауылы тұрғындарының көпшілігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты Талап ауылы қызметінің мәселелері;

      4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;

      5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.

      3. Жиналыс регламентін Жезқазған қалалық мәслихаты бекітеді (бұдан әрі-қалалық маслихат).

      3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.

      Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі –жиналыс мүшелері) саны Талап ауыл халқының жалпы санына байланысты айқындалады:

      1) 10 мың халыққа дейін –жиналыстың 5-10 мүшесі;

      3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.

      3-3. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін осы Регламенттің 3-2-тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі

      4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      Талап ауылының (әрі қарай-ауылының) бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, ауыл бюджетін түзетуді келісу;

      ауылдың коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі Талап ауылы әкімі аппаратының (бұдан әрі-ауыл әкімі аппараты) шешімдерін келісу;

      ауыл бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      Талап ауылы бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      Талап ауылының коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      Талап ауылының әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.

      5. Жиналысты Талап ауылының әкiмі дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.

      Талап ауылының әкімі келіп түскен жазбаша өтінішті үш жұмыс күні ішінде қарайды және жиналыстың орны мен уақытын көрсете отырып, шақыру туралы шешім қабылдайды.

      6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайларды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.

      7. Жиналысты шақыру алдында әкім аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін әкім немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.

      Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан кезде өткізілді деп есептеледі.

      8. Жиналысты шақыруды әкім немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

      Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.

      9. Жиналыстың күн тәртібін ауыл әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, Талап ауылының әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.

      Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.

      Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.

      10. Жиналысқа Жезқазған қаласы әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады. Сондай-ақ жиналысты шақыруға Жезқазған қалалық мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдерді қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      11. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.

      Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.

      Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.

      Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.

3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі

      12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және олардың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі көрсетілген тізімі;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының аты, әкесінің аты (болған жағдайда) тегі;

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттама Талап ауылы әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін қамтитын жағдайларды қоспағанда, жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.

      Ауыл әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Жезқазған қалалық мәслихатының қарауына беріледі.

      13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді Талап ауылының әкімі қарайды және ауыл әкімінің аппараты бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиналыс мүшелеріне жеткізеді.

      14. Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдірген жағдайда, осы мәселелер осы Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Талап ауылы әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған Жезқазған қаласының әкімі шешеді.

      Талап ауылының әкімі екі жұмыс күні ішінде Жезқазған қаласы әкімінің атына және қалалық мәслихатқа жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын жергілікті қоғамдастық жиналысы келіспеушілік тудырған мәселелерді қайтадан талқылағаннан кейін жібереді.

      Бес жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабында көзделген тәртіппен Жезқазған қалалық мәслихатының таяудағы отырысында алдын ала талқылаудан және оның шешімінен кейін жоғары тұрған Жезқазған қаласының әкімі шешім қабылдайды.

      15. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және Талап ауылының әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      16. Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді ауыл әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады.

4-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысы шешімдерінің орындалуын бақылау

      17. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.

      18. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы Жезқазған қаласының әкіміне немесе жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.

      Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс Жезқазған қаласы әкімінің немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.


Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Талап

Решение Жезказганского городского маслихата области Ұлытау от 2 августа 2024 года № 20/124.

      В соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15630), Жезказганский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемый Регламент собрания местного сообщества села Талап.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Председатель Жезказганского городского маслихата Р.Капарова

  Утвержден решением
Жезказганского городского
маслихата №20/124 от 2
августа 2024 года

Регламент собрания местного сообщества села Талап

      Сноска. Регламент - в редакции решения Жезказганского городского маслихата области Ұлытау от 19.11.2024 № 25/149 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Регламент собрания местного сообщества села Талап (далее – Регламент) разработан в соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее – Закон), приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества" от 7 августа 2017 года № 295 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15630).

      2. Основные понятия, которые используются в настоящем Регламенте:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории села Талап города Жезказган, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) собрание местного сообщества (далее-собрание)-участие представителей местного сообщества, делегированных сходом местного сообщества, в решении текущих вопросов местного значения в пределах и порядке, установленных законодательством Республики Казахстан;

      3) вопросы местного значения – вопросы деятельности села Талап города Жезказган регулирование которых в соответствии с Законом и иными законодательными актами Республики Казахстан связано с обеспечением прав и законных интересов большинства жителей села Талап;

      4) местное самоуправление – деятельность, осуществляемая населением непосредственно, а также через маслихаты и другие органы местного самоуправления, направленная на самостоятельное решение вопросов местного значения под свою ответственность, в порядке, определяемом Законом, иными нормативными правовыми актами;

      5) член собрания местного сообщества – представитель местного сообщества, делегированный сходом местного сообщества, в решении текущих вопросов местного значения в пределах и порядке, установленных законодательством Республики Казахстан.

      3. Регламент собрания утверждается Жезказганским городским маслихатом (далее-городской маслихат).

      3-1. Состав собрания местного сообщества определяется сходом местного сообщества сроком на четыре года и образуется из числа кандидатов, делегированных сходом местного сообщества.

      При этом количество членов собрания местного сообщества, делегированных сходом местного сообщества (далее-члены собрания) определяется в зависимости от общей численности населения села Талап:

      1) до 10 тысяч населения 5-10 членов собрания;

      3-2. При формировании состава собрания местного сообщества количество представителей раздельных сходов определяется пропорционально количеству их населения.

      3-3. Для административно-территориальной единицы, состоящей из нескольких населенных пунктов, обеспечивается не менее одного представителя от каждого населенного пункта, делегированного раздельными сходами местного сообщества, с учетом положений пункта 3-2 настоящего Регламента.

Глава 2. Порядок проведения созыва собрания местного сообщества

      4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета села Талап (далее-села) и отчета об исполнении бюджета;

      согласование корректировки бюджета села в случае перераспределения средств в объеме не более двадцати процентов от объема расходов бюджетной программы на текущий финансовый год по утвержденному (уточненному) бюджету, за исключением бюджетных программ (подпрограмм), финансируемых за счет целевых трансфертов из районного (города областного значения) бюджета, между бюджетными программами при неосвоении бюджетных средств и (или) неэффективном исполнении бюджетных программ в течение текущего финансового года по итогам бюджетного мониторинга без изменения структуры расходов бюджета;

      согласование решений аппарата акима села Талап (далее - аппарат акима села) по управлению коммунальной собственностью села (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета села Талап;

      согласование отчуждения коммунального имущества села Талап;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима села Талап;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.

      5. Собрание созывается и проводится акимом села Талап самостоятельно либо по инициативе не менее десяти процентов членов собрания, но не реже одного раза в квартал.

      Инициаторы собрания в произвольной форме письменно обращаются к акиму с указанием повестки дня.

      Аким села Талап рассматривает в течение трех рабочих дней со дня поступления письменного обращения и принимает решение о созыве собрания с указанием места и времени созыва.

      6. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 статьи 39-3 Закона, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.

      По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде, в форме электронного документа (удостоверенный посредством электронной цифровой подписью) или электронной копии документов.

      7. Перед началом созыва собрания аппаратом акима проводится регистрация присутствующих членов собрания, ее результаты оглашаются акимом или уполномоченным им лицом перед началом созыва собрания и заносятся в протокол собрания с указанием места и времени проведения созыва.

      Созыв собрания считается состоявшимся при участии в нем не менее половины членов собрания.

      8. Созыв собрания открывается акимом или уполномоченным им лицом.

      Для ведения созыва собрания открытым голосованием избираются председатель и секретарь собрания.

      9. Повестка дня собрания формируется аппаратом акима села Талап на основе предложений, вносимых членами собрания, акимом сельского округа.

      В повестку дня включаются вопросы о ходе и (или) исполнения решений, принятых на предыдущих созывах собрании.

      Повестка дня созыва собрания может быть дополнена и изменена при ее обсуждении.

      Повестка дня созыва собрания утверждается собранием.

      Голосование по каждому вопросу повестки дня проводится раздельно. Вопрос считается внесенным в повестку дня, если за него проголосовало большинство присутствующих членов собрания.

      10. На созыв собрания приглашаются представители аппарата акима города Жезказган, государственных учреждений и предприятий, а также физических и юридических лиц, вопросы которых рассматриваются на созыве собрания. Также на созыве собрания могут присутствовать депутаты Жезказганского городского маслихата, представители средств массовой информации и общественных объединений.

      Приглашенные лица, указанные в части первой настоящего пункта, не являются членами собрания и не участвуют в голосовании при принятии решений.

      11. Регламент выступлений на созывах собрании для докладов, содокладов, выступлений в прениях и по порядку ведения созыва собрания определяется председателем. Докладчикам и содокладчикам отводится время для ответов на вопросы. В случае если выступающий превысил отведенное время, председатель собрания прерывает его выступление или с согласия большинства присутствующих на созыве членов собрания продлевает время для выступления.

      Член собрания может выступить по одному и тому же вопросу не более двух раз. Не считаются выступлениями в прениях обращения членов собрания, выступления для дачи пояснений и ответов на вопросы. Вопросы докладчикам задаются в письменном или устном виде. Письменные вопросы предоставляются председателю собрания и оглашаются на созыве собрании.

      Председатель собрания может объявлять перерывы по собственной инициативе или по мотивированному предложению членов собрания.

      В конце собрания отводится время для выступления членов собрания с краткими заявлениями и сообщениями, прения по которым не открываются.

Глава 3. Порядок принятия решений собранием местного сообщества

      12. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.

      В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:

      1) дата и место проведения собрания;

      2) количество и список членов собрания;

      3) количество и список иных присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря собрания;

      5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.

      Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней передается акиму села, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима села Талап.

      Протокол собрания местного сообщества с решением об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима села подписывается председателем и секретарем собрания и в течение пяти рабочих дней передается на рассмотрения в городской маслихат.

      13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимом села Талап и доводятся аппаратом акима села до членов собрания в срок не более пяти рабочих дней.

      14. В случае выражения акимом несогласия с решением собрания местного сообщества, данные вопросы разрешаются путем повторного обсуждения в порядке, предусмотренном главой 2 настоящего Регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акима села Талап, вопрос разрешается акимом города Жезказган.

      Аким села Талап в течение двух рабочих дней направляет в адрес акима города и в Жезказганский городской маслихат протокол собрания местного сообщества, после повторного обсуждения собранием местного сообщества вопросов, вызвавших несогласие.

      Аким города Жезказган после предварительного обсуждения и его решения на ближайшем заседании Жезказганского городского маслихата вопросов, вызвавших несогласие между акимом села и собрания местного сообщества в порядке предусмотренным статьей 11 Закона, принимает решение в течение пяти рабочих дней.

      15. Органы местного государственного управления и самоуправления, должностные лица в пределах полномочий обеспечивают исполнение решений, принятых на созыве собрании и одобренных акимом села Талап.

      16. Решения, принятые на созыве собрания, распространяются аппаратом акима села, через средства массовой информации или иными способами.

Глава 4. Контроль за исполнением решений собрания местного сообщества

      17. На собрании регулярно заслушиваются информации лиц ответственных за исполнение решений собрания.

      18. В случае неисполнения или некачественного исполнения решений, соответствующая информация вносится в протокол, который председателем собрания направляется акиму города Жезказган или вышестоящим руководителям должностных лиц ответственных за исполнение решений собрания.

      В случае повторного неисполнения или некачественного исполнения принятых решений, собрание инициирует вопрос об ответственности должностных лиц перед акимом города Жезказган или вышестоящим руководством соответствующих должностных лиц.