Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмугеарналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаражал қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Жәйрем кенті бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және сұрыптауға арналған тарифтер осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Қаражал қалалық мәслихатының "Қаражал қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №102 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №191986 нөмірімен тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың төрағасы | З.Оспанова |
Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 150 шешіміне 1-қосымша |
Қаражал қаласы бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құн салығымен) |
Жайлы және жайлы емес үйлер |
1 тұрғын, | 380,00 |
Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне), жылдық тариф | 1 м3 | 2425,55 |
Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 150 шешіміне 2-қосымша |
Жәйрем кенті бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және сұрыптауға арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құн салығымен) |
Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын, айына | 212,46 |
Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне), жылдық тариф | 1 м3 | 2258,01 |