Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 171 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 бұйрығының күшін жою туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 63 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, сондай-ақ басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне 2025 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары: жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шарасы – ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада және басқа ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада ұсынылсын.

      2. "Ұлытау ауданының экономика және қаржы бөлімі" Мемлекеттік мекемесі, ауылдық аумақтарды дамыту бойынша уәкілетті орган ретінде, Бұйрық бойынша осы шешімді іске асыруға бағытталған шаралар қабылдау ұсынылсын.

      3. Шешімнің орындалысына бақылау жасау экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және аграрлық мәселелер бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы А.Құрмансейітов

О предоставлении в 2025 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Улытауского района

Решение Улытауского районного маслихата области Ұлытау от 30 декабря 2024 года № 171

      В соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "О государственной службе Республики Казахстан", "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 05.08.2024 № 63 "О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" и признании утратившим силу приказа Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 126 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" (далее - Приказ), Улытауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить в 2025 году меры социальной поддержки в виде подъемного пособия и бюджетного кредита для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, а также административным государственным служащим корпуса "Б" аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, за исключением лиц, занимающих руководящие должности, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Улытауского района: подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю и социальная поддержка для приобретения или строительства жилья – бюджетный кредит для специалистов, прибывших в сельские населенные пункты, являющиеся административными центрами района в сумме, не превышающей две тысячи пятисоткратного размера месячного расчетного показателя, а также в другие сельские населенные пункты в сумме, не превышающей две тысячи кратного размера месячного расчетного показателя.

      2. Государственному учреждению "Отдел экономики и финансов Улытауского района", как уполномоченному органу по развитию сельских территорий, в соответствии с Приказом рекомендовать принятие мер по реализации настоящего решения.

      3. Контроль за исполнением решения возложить на постоянную комиссию по экономике, жилищно-коммунальному хозяйству и аграрным вопросам.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Улытауского районного маслихата А. Құрмансейітов