"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 63 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 тамызда № 34900 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы";

      мынадай редакциядағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшері:

      1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

      ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

      ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алуға немесе салуға бюджеттік кредит Заңның 18-бабының 8-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыларға көрсетіледі.

      Бұл ретте ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 12-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып беріледі.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауылдық елді мекеннің мәртебесі қалалық елді мекендер санатына өзгерген жағдайда, көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит осы елді мекенге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, сондай-ақ ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне екі жыл ішінде беріледі.

      Бұл ретте әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ауылдық елді мекен санатының қалалық елді мекендер санатына өзгерген күнінен бастап есептеледі, тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредиттің мөлшері ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандарға берілетін кредиттің мөлшеріне тең беріледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы алдағы кезеңге Тізбе қалыптастырады, ол бір жұмыс күні ішінде аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады және "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – сенім білдірілген өкіл (агент)) мәлімет үшін ұсынылады.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы сұранысқа ие мамандықтар тізбесін тоқсан сайын келесі тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін бекітеді.

      Тізбе бір жұмыс күні ішінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ақпараттандыру объектілері – Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы (бұдан әрі – Портал) otbasybank.kz/programm-bank арқылы орналастырылады.

      Тізбеде алдағы кезеңге көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызметті алушылардың саны және олардың мамандықтары көрсетіледі.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органы (мәслихат) жыл сайын көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдайды.";

      16-тармақ алып тасталсын;

      18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Әлеуметтік қолдау шаралары:

      бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ (осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау кезінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жылда күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімін өткізу болмаған;

      өтініш беру кезінде сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша;

      өтініш берген күнінен бастап соңғы екі жылда келген маман жұмыс істейтін елді мекен қарайтын ауданда (облыстық маңызы бар қалада) маманның, оның жұбайының және балаларының тұрғын үйі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға ұсынылады.

      19. Көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін бюджет қаражаты жетіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткерлер қатарынан кезектілікті қалыптастыру арқылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімін тоқтата тұрады.

      Әлеуметтік қолдау шараларын алуға кезекте тұрған көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қайта қарау мерзімін көрсетілетін қызметті беруші белгілейді және ол екі жылдан аспайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші сенім білдірілген өкілге (агентке) әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімдерін тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.

      20. Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші Порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған мынадай құжаттарды:

      1) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру кезінде:

      сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісін;

      сатып алынатын тұрғын үйдің құны берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асқан кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісімді;

      2) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит беру кезінде:

      кепіл мүлкін бағалау актісін;

      кепіл мүлкін сақтандыру шартын;

      тұрғын үй салу кезіндегі шығыстар берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асып кеткен кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісімді;

      3) көтерме жәрдемақы беру кезінде:

      жеке есеп шот туралы анықтаманы ұсыну қажеттігі туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі көрсетілетін қызметті алушыға мынадай шарттарды:

      1) тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны қырық алты айлық есептік көрсеткіштен аспауын;

      2) тұрғын үй құрылысының жалпы сметалық құны берілетін кредиттің екі еселенген мөлшерінен аспауын;

      3) тұрғын үй құрылысының ең ұзақ мерзімі кредит берген сәттен бастап он екі айдан аспауын ескере отырып, тұрғын үйлердің үлгілік жобаларының нұсқаларын немесе мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар жобаларды ұсынады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Ауылдық елдi мекендерге
жұмыс iстеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, бiлiм
беру, әлеуметтiк
қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға,
ауылдар, кенттер, ауылдық
округтер әкімдері
аппараттарының мемлекеттік
қызметшілеріне әлеуметтiк
қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ___________________________
облысы
____________________________
ауданының (облыстық маңызы
бар қала) әкiмi
____________________________
аты-жөнi, тегi
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
жұмыс орны, лауазымы
____________________________
өтiнiш берушiнiң тегi, аты,
әкесiнiң аты
(ол болған жағдайда),
(бұдан әрі –Т.А.Ә.).".

      3. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2024 жылғы 5 тамыздағы
№ 63 Бұйрыққа
қосымша
  Ауылдық елді мекендерге
жұмыс істеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, білім
беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға,
ауылдар, кенттер, ауылдық
округтер әкімдері
аппараттарының мемлекеттік
қызметшілеріне әлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызмет көрсетудің кіші түрлері:
1) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы ұсыну
2) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит ұсыну
3) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй салуға бюджеттік кредит ұсыну

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ақпараттандыру объектілері – Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/programm-bank (бұдан әрі – Портал) арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

6 (алты) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Порталда көрсетілетін қызметті алушыға Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасу қажет екені туралы, есепке алу және кезектілікке қою туралы хабарлама немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі және ақпарат объектілері

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен.
Портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

l) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
білім туралы диплом (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
білім туралы диплом (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
Кредиттік бюродан есеп электрондық көшірмесі;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
білім туралы диплом (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
Кредиттік бюродан есеп электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы куәліктерді, тұратын орны бойынша тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушыда және оның жұбайы мен балаларында жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы анықтамаларды, еңбек қызметі бойынша мәліметтерді, ортадан кейінгі, техникалық, кәсіптік және/немесе жоғары білім туралы дипломның болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электронного үкімет" шлюзянан алады.

9

Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
3) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан оның негізінде айырылған, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болған;
4) көрсетілетін қызметті алушы Заңның 18-бабы 8-тармағының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефоны: 300 қысқа нөмірі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңба немесе куәландырылған бір реттік пароль болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады