"Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 536 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 29 шiлдедегi № 375 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 536 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландырудың нормаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормалары (бұдан әрі – Норма) археология, астрономия, астрофизика, атом энергиясы, шығыстану, өнер, тарих, мәдениет, әдебиет, математика және механика, білім, саясаттану, дінтану, әлеуметтану, философия, этнология, тіл білімі саласында және өзге де салаларда іргелі зерттеулерді жүргізетін және уәкілетті орган бекіткен тиісті тізбеге енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдар үшін көзделген.

      Қаржыландыру ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, еңбекке ақы төлеуді, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге бес жылдан аспайтын мерзімге арналған шығыстарды қамтиды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нұрбек

О внесении изменения в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 18 октября 2023 года № 536 "Об утверждении норм финансирования научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования"

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 29 июля 2024 года № 375

      Вводится в действие с 01.09.2024.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 65 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 18 октября 2023 года № 536 "Об утверждении норм финансирования научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования" следующее изменение:

      в Нормах финансирования научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Нормы финансирования научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования (далее – Норма), предусмотрены для государственных научных организаций и научных организаций со стопроцентным участием государства, осуществляющих фундаментальные исследования в области археологии, астрономии, астрофизики, атомной энергии, востоковедения, искусства, истории, культуры, литературы, математики и механики, образования, политологии, религиоведения, социологии, философии, этнологии, языкознания и в иных областях, включенных в утвержденный уполномоченным органом в области науки соответствующий перечень.

      Финансирование включает расходы на текущее обеспечение научной инфраструктуры и имущества, в том числе зданий, оборудования и материалов, оплату труда, проведение фундаментальных научных исследований на срок не более пяти лет.".

      2. Комитету науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение десяти календарных дней после подписания настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 сентября 2024 года.

      Министр науки и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек