Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруды қолдап отырудың көрсетілетін қызметтері құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 537 бұйрығы

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 43) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруды қолдап отырудың көрсетілетін қызметтері құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр С. Нұрбек

  Бұйрығымен бекітілді

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруды қолдап отырудың көрсетілетін қызметтері құнын айқындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруды қолдап отырудың көрсетілетін қызметтері құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 43) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-6) тармақшасына сәйкес, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға гранттар беру жөніндегі қызметтердің құнын айқындау мақсатында әзірленді.

      2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) Ғылым қоры – мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам нысанындағы заңды тұлға;

      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант - экономиканың басым секторлары шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін грант қаражаты;

      3) көрсетілетін қызмет – ғылыми және (немесе) ғылыми – техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру шеңберінде (бұдан әрі – ҒҒТҚН) көрсетілетін Ғылым қорының қызметі;

      4) шығындар – Ғылым қорының қызметінде пайдаланылатын, қызмет көрсету процесін үйлестіруді және жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстардың көлемі.

2-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға гранттар беру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу

      3. Коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруды қолдап отырудың көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу кезінде мынадай жалпы көрсеткіштер пайдаланылады:

      1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен белгіленген базалық лауазымдық жалақы (бұдан әрі – БЛЖ);

      2) 2024 жылғы 1 қаңтарға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері (бұдан әрі – АЕК).

      4. ҒҒТҚН коммерцияландыруға гранттар беру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің жалпы құнын есептеу үшін мынадай формула қолданылады:

      P = C × ((Qжа1 + … + Qжжа) + Qж),

      мұндағы,

      P - қаржы жылында ҒҒТҚН коммерцияландыруға гранттар беру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің жалпы құны, теңге;

      C - қаржы жылында 1 (бір) жобаны ілгерілету және іске асыру құны, теңге;

      Qжа1, Qжжа - қаржы жылындағы алдыңғы конкурстардың іске асырылатын жобаларының саны, бірл;

      Qж - қаржы жылында жаңа конкурстың жобаларын іске асыруға жоспарланған саны, бірл.

      5. Бір жобаны ілгерілету және іске асыру құнына қосымшаға сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу, Ғылым қорының негізгі функциясын орындауға және қызметін қамтамасыз етуге қажетті ілеспе шығындар, сондай-ақ тұрақты шығындар кіреді.

      6. Өзіндік құн қаржы жылында 1 жобаны ілгерілету және іске асыру үшін барлық шығындардың сомасы ретінде есептеледі.

      C = (W + X + Z) * 1,12,

      мұндағы:

      C – қаржы жылында 1 (бір) жобаны ілгерілету және іске асыру үшін Ғылым қорының қажетті барлық шығындарының өзіндік құны, теңге;

      W – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу, теңге;

      X – ілеспе шығындар 97 АЕК көлемінде, теңге;

      Z – тұрақты шығындар 26 АЕК, теңге;

      1,12 – қосылған құн салығының коэффициенті (ҚҚС) белгіленген ҚҚС мөлшерлемесін (12%) ескере отырып есептелген.

      7. Қызметкерлердің жылдық еңбекақысы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып есептеледі.

      W = БЛЖ*f*sno,

      мұндағы:

      БЛЖ – 17 697 теңге мөлшерінде базалық лауазымдық жалақы;

      f – жылдық еңбекақы қорының БЛЖ-ға қатынасының коэффициенті - 76;

      sno – салық салынатын еңбекақы төлеу қорына салықтар мен аударымдардың коэффициенті, жылдар бойынша:

      2025 жыл = 1,1518;

      2026 жыл = 1,1618;

      2027 жыл = 1,1718;

      2028 жыл = 1,1768.

      8. Ілеспелі шығындарға мыналар жатады:

      1) материалдық шығындар. Материалдық шығындар кеңсе керек-жарақтары мен тауарлық-материалдық құндылықтар шығыстарын қамтиды;

      2) ел ішіндегі қызметтік іссапарлар. Заңнама нормаларын, конкурстық құжаттаманы түсіндіру, сондай-ақ жобалар бойынша бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын көшпелі талдау және жобалардың іске асырылу барысымен танысу үшін өңірлерге шығуға байланысты ел ішіндегі қызметтік іссапарларға арналған шығыстар.

      Қызметтік іссапарларға арналған шығыстар "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына сәйкес айқындалады;

      3) өзге де шығыстар. Өзге шығыстарға негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алуға арналған шығындар, шығыс материалдарына, автокөлікті жалға алуға, кеңсе үй-жайларын жалға алуға, өзге де тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, жобаны сүйемелдеу үшін пайдаланылатын негізгі құралдардың тозуына (амортизациясына), жеткізушілерден және мердігерлерден алынған ұйымдастыру техникасын ағымдағы жөндеуге, жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге), сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмысына, бұқаралық ақпарат құралдарында ҒҒТҚН коммерцияландыруды танымал етуге, семинарларды ұйымдастыру мен өткізуге және қызметті орындауға байланысты және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мақұлдаған өзге де негізделген шығыстар жатады.

      9. Тұрақты шығындарға мыналар жатады:

      1) телекоммуникациялық қызметтер почта байланысы, интернет, телефония бойынша шығыстарды қамтиды;

      2) ұйымның балансында болмаған жағдайда, қызметкерлерді орналастыру үшін жобаларды сүйемелдеу шеңберінде қызметтерді орындау үшін пайдаланылатын кеңсе үй-жайларын жалға алу.

      Осы шығыстар "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына сәйкес айқындалады.

      10. Қызметтердің жалпы құнына жобалар санына байланысты түзету коэффициенттері қолданылады:

      - 200-ден 250-ге дейін жоба – 1;

      - 250-ден 300 -ге дейін – 0,9;

      - 300 - ден 350-ге дейін – 0,8.

      Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруды қолдап отырудың көрсетілетін қызметтері құнын айқындау әдістемесіне
қосымша

Жылына 1 жобаны сүйемелдеудің өзіндік құнын жиынтық есептеу

Шығындар атауы

Жұмыс уақытының құны / бағасы

Саны

Жиыны

Ескерту

1

2

3

4

5

6

1

Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу





1.1

Негізгі қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу





1.2

Әкімшілік-басқару персоналының еңбекақысы (ӘБП)





1.3

Салықтар және бюджетке міндетті аударымдар





2

Ілеспе шығындар





2.1

Ел ішіндегі қызметтік іссапарлар





2.2

Материалдық шығындар





2.3

Басқа шығындар





3

Тұрақты шығындар





3.1

Телекоммуникациялық қызметтер





3.2

Персоналға арналған кеңсе үй-жайын жалға алу






БАРЛЫҒЫ






Об утверждении Методики определения стоимости услуг сопровождения грантового финансирования коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 26 ноября 2024 года № 537

      В соответствии с подпунктом 43) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О науке и технологической политике", подпунктом 111-6) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику определения стоимости услуг сопровождения грантового финансирования коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности.

      2. Комитету науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение десяти календарных дней после подписания настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет–ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Министр С. Нурбек

  Утверждены
приказом

Методика определения стоимости услуг сопровождения грантового финансирования коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика определения стоимости услуг сопровождения грантового финансирования коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности (далее – Методика) разработана в соответствии с подпунктом 43) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О науке и технологической политике" (далее – Закон), подпунктом 111-6) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580, в целях определения стоимости услуг по предоставлению грантов на коммерциализацию результатов научной и (или) научно-технической деятельности.

      2. Основные понятия, используемые в настоящей Методике:

      1) Фонд науки – юридическое лицо в форме акционерного общества со стопроцентным участием государства;

      2) грант на коммерциализацию результатов научной и (или) научно-технической деятельности – средства, предоставляемые на безвозмездной и безвозвратной основе для реализации проектов коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности в рамках приоритетных секторов экономики;

      3) услуга – деятельность Фонда науки, оказываемая в рамках грантового финансирования коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности (далее – РННТД);

      4) затраты – объем ресурсов, используемый в деятельности Фонда науки, необходимый для обеспечения координации и осуществления процесса оказания услуги.

Глава 2. Расчет стоимости услуг, оказываемых в рамках предоставления грантов на коммерциализацию результатов научной и (или) научно-технической деятельности

      3. При расчете стоимости услуг сопровождения грантового финансирования коммерциализации используются следующие общие показатели:

      1) базовый должностной оклад (далее – БДО), установленный постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий";

      2) месячный расчетный показатель (далее – МРП), установленный законом о республиканском бюджете на 1 января 2024 года.

      4. Для расчета общей стоимости услуг, оказываемых в рамках предоставления грантов на коммерциализацию РННТД применяется следующая формула:

      P = C × ((Qр1 + … + Qрn) + Qп),

      где:

      P – общая стоимость услуг, оказываемых в рамках предоставления грантов на коммерциализацию РННТД в финансовом году, тенге;

      C – себестоимость продвижения и реализация 1 (один) проекта в финансовом году, тенге;

      Qр1, Qрn – количество реализуемых проектов предыдущих конкурсов в финансовом году, ед;

      Qп – количество планируемых в реализацию проектов нового конкурса в финансовом году, ед.

      5. Себестоимость продвижения и реализации одного проекта включает оплату труда работников с учетом налогов и других обязательных платежей в бюджет, сопутствующие затраты, необходимые для выполнения основной функции и обеспечения деятельности Фонда науки, а также фиксированные затраты, согласно приложению.

      6. Себестоимость рассчитывается как сумма всех затрат для оказания продвижения и реализации 1 проекта в финансовом году.

      C = (W + X + Z) *1,12,

      где:

      C - себестоимость всех затрат Фонда науки необходимых для продвижения и реализации 1 (один) проекта в финансовом году, тенге;

      W – оплату труда работников с учетом налогов и других обязательных платежей в бюджет, тенге;

      X – сопутствующие затраты в размере 97 МРП, тенге;

      Z – фиксированные затраты 26 МРП, тенге;

      1,12 – коэффициент налога на добавленную стоимость (НДС) рассчитан с учетом установленной ставки НДС (12%).

      7. Оплата труда работников в год, рассчитывается с учетом налогов и других обязательных платежей в бюджет.

      W = БДО*f*sno

      где:

      БДО – базовый должностной оклад в размере 17 697 тенге;

      f – коэффициент отношения годового фонда оплаты труда к БДО – 76;

      sno - коэффициент налогов и отчислений на налогооблагаемый фонд оплаты труда, составляющий по годам:

      2025 год = 1,1518;

      2026 год = 1,1618;

      2027 год = 1,1718;

      2028 год = 1,1768.

      8. К сопутствующим затратам, относятся:

      1) материальные затраты. Материальные затраты включают в себя, расходы на канцелярские принадлежности и товарно-материальные ценности;

      2) служебные командировки внутри страны. Расходы на служебные командировки внутри страны, связанные с выездом в регионы для разъяснения норм законодательства, конкурсной документации, а также выездного анализа целевого использования выделенных средств по проектам, и ознакомления с ходом реализации проектов.

      Расходы на служебные командировки определяются в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 256 "Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства";

      3) прочие расходы. Прочие расходы включают в себя затраты на приобретение товаров, относящиеся к основным средствам, расходным материалам, аренде автотранспорта, приобретению прочих товаров и услуг, износу (амортизации) основных средств, используемых для сопровождения проекта, текущему ремонту организационной техники, работы (услуги), полученные от поставщиков и подрядчиков, а также информационно-разъяснительной работе, популяризации коммерциализации РННТД в средствах массовой информации, организации и проведению семинаров и обоснованных расходов, связанные с выполнением услуги и одобренные администратором бюджетных программ.

      9. К фиксированным затратам, относятся:

      1) телекоммуникационные услуги включают расходы по почтовой связи, интернет, телефония;

      2) аренда офисных помещений для размещения работников, используемая для выполнения услуг в рамках сопровождения проектов, в случае их отсутствия на балансе организации.

      Данные расходы определяются в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года № 145 "Об определении механизма проведения мониторинга административных расходов государственных предприятий, акционерных обществ, контрольные пакеты акций, которых принадлежат государству, и товариществ с ограниченной ответственностью, размеры государственных долей участия, в которых позволяют государству определять решения общего собрания участников, с целью их оптимизации".

      10. К общей стоимости услуги в зависимости от количества проектов применяются поправочные коэффициенты:

      - от 200 до 250 проектов – 1;

      - от 250 до 300 – 0,9;

      - от 300 до 350 – 0,8.

  Приложение
к Методике определения
стоимости услуг сопровождения
грантового финансирования
коммерциализации результатов
научной и (или) научно-
технической деятельности

Сводный расчет себестоимости сопровождения 1 проекта в год

Наименование затрат

Стоимость трудочаса/цена

Кол-во

Итого

Примечание

1

2

3

4

5

6

1

Оплата труда работников с учетом налогов и других обязательных платежей в бюджет





1.1

Оплата труда основного персонала





1.2

Оплата труда административно-управленческого персонала (АУП)





1.3

Налоги и обязательные платежи в бюджет





2

Сопутствующие затраты





2.1

Служебные командировки внутри страны





2.2

Материальные затраты





2.3

Прочие расходы





3

Фиксируемые затраты





3.1

Телекоммуникационные услуги





3.2

Аренда офисных помещений для персонала






ВСЕГО