Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы.


      Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы


      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.04.2023 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары бекiтiлсiн.

      2. "Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде:

      кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнің іссапар тәртібін айқындайды.".

      9, 10, 11 және 12-тармақтар алып тасталсын.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі       Б. Сағынтаев

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 256 қаулысымен
бекiтiлген

      Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының шегiнде және шет мемлекеттерге қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртiбiн айқындайды.

      2. Іссапар жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу болып табылады.

      2-1. Мемлекеттік органдар қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің ішкі тәртібін өз қызметінің ерекешелігін ескере отырып осы Қағидаларда көзделген нормаларға сәйкес дербес әзірлеуі және бекітуі мүмкін.

      Ескерту. Қағида 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2-тарау. Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарын өтеу тәртiбi

      3. Іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi:

      1) iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi;

      2) тұрғын үй-жайды жалдау бойынша:

      мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен Жоғарғы Сотының судьялары үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында тәулiгiне айлық есептiк көрсеткiштің он еселенген мөлшерiнен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиiс;

      мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында - тәулігіне айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;

      3) іссапарда болатын жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру бойынша (іссапарға жіберілген тұлғаға әкімшілік тиісті қозғалыс құралын ұсынатын жағдайлардан басқа) көрсетілген жол жүру құжаттарының (жол жүру билеті мен отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) негізінде:

      теміржолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) вагондарды қоспағанда) тарифі бойынша;

      су жолдарымен, тас және қара жолдармен – сол жергiлiктi жерде қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша;

      ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өткен, аталған көлік құралдары болмаған немесе іссапар шұғыл болған кезде) орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығына (өкiміне) сәйкес темiржол көлігімен жол жүрген кезде шығыстарды жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) тарифтері бойынша және әуе көлiгiмен экономикалық класс авиабилетінің құны бойынша өтеуге жол беріледі. Бұл ретте темiржол көлігі билетінің құны авиабилет құнынан асып кететін болса, іссапарға әуе көлiгiмен жіберуге жол беріледі;

      мемлекеттік органның басшысына, мемлекеттік орган басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға, Конституциялық Соттың судьяларына, орталық мемлекеттік органның аппарат басшысына, ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысына әуе көлiгiмен жол жүрген кезде экономикалық класс авиабилетінің құны бойынша;

      Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілеріне, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға әуе көлігімен жол жүрген кезде "Бизнес" класты авиабилет құны бойынша;

      4) жол жүру билеттерi мен қонақүйдегі орынды броньға қоюдың, iссапарға жiберiлген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезiнде поездарда төсек-орын жабдықтарын пайдаланудың құны, сондай-ақ жол жүру билеттерін қайтарғаны немесе ауыстырғаны үшін комиссиялық алымдар мен айыппұлдарды осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде;

      5) iссапарға жіберілген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген көлiкпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша өтеледi;

      6) темiржол станциясына, айлаққа, әуежайға, егер олар елдi мекен шегінен тыс орналасса, растайтын құжаттар болған кезде автокөлiкпен (таксиден басқа) жол жүру бойынша;

      7) мемлекеттік мекеменің басшысы, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының рұқсатымен мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары, орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы жақын аудан және облыс орталықтарына қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберілген кезде көлік шығыстары;

      8) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тікелей рейс болмаған жағдайда, мемлекет ішінде жұмыс орнынан жөнелту (ұшу) орнына және кері қарай жол жүру жөніндегі шығыстар 161 "Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар" ерекшелігі бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте шақыру бойынша мемлекет ішінде жұмыс орнынан жөнелту (ұшу) орнына және кері қарай жол жүру жөніндегі шығыстар шақырушы тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 140; 13.06.2019 № 403; 21.11.2019 № 865; 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2022 № 920 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.04.2023 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.02.2024 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      4. Іссапарға жiберiлген қызметкер тұрғылықты тұратын жерiне күн сайын қайту мүмкiндiгi болатын жерге iссапарға жiберiлген кезде шығыстар мынадай тәртiппен өтеледi:

      1) егер iссапарға жiберiлген қызметкер жұмыс күнi аяқталғаннан кейін өз еркiмен iссапар орнында қалса, онда тәулiкақыларды өтеу және көлiктiк шығыстарға ақы төлеу осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) егер iссапарға жiберiлген қызметкер тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келсе, онда тәулiкақы төленбей, жол жүру құжаттары болған кезде көлiктiк шығыстар ғана өтеледi.

      Қызметкердің iссапар орнынан тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келе алуы-келе алмауы туралы мәселені әрбiр нақты жағдайда қашықтықтың ұзақтығын, көлiк қатынасының жағдайларын, орындалатын тапсырманың сипатын, сондай-ақ қызметкерге демалыс үшiн жағдай жасаудың қажеттiгін ескере отырып, iссапарға жiберiлетін адам жұмыс iстейтiн орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда –мемлекеттiк мекеменің басшысы шешедi.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Iссапарға жiберiлген қызметкерге уақытша жұмысқа жарамсыздығы жағдайында оған жалпы негіздермен тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар өтеледi (iссапарға жiберiлген қызметкер стационарлық емдеуде жатқан жағдайды қоспағанда) және ол өзіне жүктелген қызметтiк тапсырманы орындауға кiрiскенше немесе тұрақты жұмыс орнына қайтып келгенше барлық уақыт ішінде, бiрақ 40 күннен артық емес уақыттың iшiнде тәулiкақы төленедi.

      Іссапарға жiберiлген қызметкердiң уақытша жұмысқа жарамсыздығы, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша тұрақты жұмыс орнына келе алмауы белгіленген тәртiппен куәландырылуы тиiс.

      Уақытша жұмысқа жарамсыздық кезеңiнде iссапарға жiберілген қызметкерге жалпы негіздермен уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төленедi. Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндерi iссапардың мерзiмiне енгiзiлмейдi.

      6. Іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға кетер алдында жол жүру ақысын, тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды төлеуге тиесiлi сомалар және тәулiкақы беріледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес жұмыс күнi iшiнде іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы есеп береді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-тарау. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртiбi

      7. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарлар кезінде мынадай шығыстар өтеледi:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдар (Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің жұбайлары), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері (күзетілетін тұлғамен бірге жүргенде) шетелге жол жүрген кезде шетелдік валютадағы көліктік шығыстар 1-класты авиабилет құны мөлшерінде өтеледі;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, Қазақстан Республикасының шетелдегі төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының тұрақты комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары және орынбасарлары, аппарат басшылары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы) мүшесі, Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдар жанындағы өкілетті өкілі, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері қызмет бабындағы істер бойынша шетелге жол жүрген кезде көліктік шығыстар "Бизнес" класты авиабилет құны мөлшерінде шетелдік валютада өтеледі;

      3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы болған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары;

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы болған кезде осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациясы шет елге шыққан кезде авиатасымалдаушыға арнайы рейстердің шығыстары өтеледі;

      4) басқа мемлекеттiк қызметшілер қызмет бабындағы iстер бойынша шетелге жол жүрген кезде көлiктiк шығыстар шетелдiк валютада "Экономикалық" сыныпты авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi;

      5) шетелде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарын өтеудің нормалары (тәулігіне бір адамға):

      осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдар үшін іс жүзіндегі шығындар бойынша, оның ішінде броньдау бойынша шығыстар;

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларын, орталық мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарларын және орынбасарларын, аппарат басшыларын, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілін, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілін, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы) мүшесін, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін қоспағанда, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген лауазымды тұлғалар үшін люкс сыныптамасындағы қонақүйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;

      Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары басшыларының бірінші орынбасарлары, орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы) мүшесі, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері үшін жартылай люкс сыныптамасындағы қонақүйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;

      осы тармақшаның екiншi, үшiншi, төртінші абзацтарында көрсетілмеген басқа мемлекеттiк қызметшілер үшiн стандарт сыныптамасы бойынша қонақүйдiң бiр орындық нөмiрiнiң құны бойынша;

      Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысымен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасымен, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісімен бірге жүретін адамдар үшін іс жүзіндегі шығындар бойынша, оның ішінде броньдау бойынша шығыстар;

      өткізу кезеңінде қонақүйде тұру құны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісу бойынша қонақүй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстарды өтеудің бекітілген шекті нормаларынан асатын халықаралық іс-шараларға Қазақстан Республикасының делегациясы құрамында қатысатын адамдар үшін – іс жүзіндегі шығындар бойынша;

      әскери-саяси қақтығыстар болып жатқан елдерге іссапарға жіберілген адамдар үшін - іс жүзіндегі шығыстар бойынша. Әскери-саяси қақтығыстар болып жатқан елдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайды;

      6) құзыретіне Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық төреліктерде, шетелдік соттарда және шетелдік мемлекеттік органдарда қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысу кіретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұзақтығы 41 күннен 180 күнге дейінгі үздіксіз ұзақ мерзімді қызметтік шетелдік іссапарларына стандарт сыныптамасы бойынша қонақүйдің бір орындық нөмірінің құнына 0,5 коэффициентін есепке ала отырып, тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормалары (тәулігіне бір адамға) қолданылады;

      7) шетелде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тәуліктік және қонақүй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстары мынадай нормалар бойынша АҚШ долларымен және евромен өтеледі:

Р/с

Мемлекет

Тәуліктік

Қонақ үй нөмірлерінің сыныптамасы

люкс

жартылай люкс

стандарт

АҚШ доллары

евро

АҚШ доллары

евро

АҚШ доллары

евро

АҚШ доллары

евро

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Аустрия Республикасы


80


435


320


230

2.

Аустралия

90


400


300


250


3.

Әзербайжан Республикасы

80


250


200


150


4.

Албания Республикасы

80


180


150


120


5.

Алжир Халық Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


6.

Антигуа және Барбуда

80


180


150


120


7.

Аргентина Республикасы

80


330


210


120


8.

Мысыр Араб Республикасы

90


200


175


120


9.

Багам Аралдары Достастығы

80


150


120


100


10.

Белиз

80


150


120


100


11.

Бермуд аралдары

80


150


120


100


12.

Босния және Герцеговина


80


195


160


125

13.

Бруней-Даруссалам Мемлекеті

90


180


140


120


14.

Вануату

80


150


120


100


15.

Шығыс Самоа

80


150


120


100


16.

Уругвай Шығыс Республикасы

80


150


120


100


17.

Люксембург Ұлы Герцогтігі


80


405


205


110

18.

Габон Республикасы

80


150


120


100


19.

Бахрейн Корольдігі

90


300


240


100


20.

Қатар Мемлекеті

90


400


270


130


21.

Израиль Мемлекеті

90


330


250


160


22.

Кувейт Мемлекеті

90


330


240


150


23.

Грек Республикасы


80


285


230


185

24.

Доминикан Республикасы

80


150


120


100


25.

Мадагаскар Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


26.

Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


27.

Судан Республикасы

80


150


120


100


28.

Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы

80


150


120


100


29.

Шығанақтағы аумақтар

80


150


120


100


30.

Иордан Хашимит Корольдігі

80


180


140


120


31.

Ирак Республикасы

80


180


140


110


32.

Иран Ислам Республикасы

80


250


180


130


33.

Ирландия


80


405


250


165

34.

Италия Республикасы


80


375


290


205

35.

Йемен Республикасы

80


150


120


100


36.

Ауғанстан Ислам Республикасы

80


150


120


100


37.

Мауритания Ислам Республикасы

80


150


120


100


38.

Пәкістан Ислам Республикасы

80


290


180


155


39.

Дания Корольдігі


80


400


225


150

40.

Андорра Княздігі

80


150


120


100


41.

Бельгия Корольдігі


80


310


250


165

42.

Гайана Кооперативтік Республикасы

80


150


120


100


43.

Испания Корольдігі


80


330


250


205

44.

Кайман аралдары

80


150


120


100


45.

Камбоджа Корольдігі

80


150


120


100


46.

Кампучия

80


210


190


180


47.

Канада

100


300


285


150


48.

Корей Халық Демократиялық Республикасы

80


450


250


150


49.

Қытай Халық Республикасы

100


220


180


150


Гонконг қаласы

100


220


180


150


50.

Қырғыз Республикасы

80


275


130


100


51.

Лесото Корольдігі

80


150


120


100


52.

Лихтенштейн Князьдігі


80


405


205


110

53.

Марокко Корольдігі

80


230


200


180


54.

Непал Корольдігі

80


150


120


100


55.

Нидерланд Корольдігі


80


305


250


165

56.

Норвегия Корольдігі


80


390


330


250

57.

Сауд Арабиясы Корольдігі

90


400


180


130


58.

Свазиленд Корольдігі

80


150


120


100


59.

Таиланд Корольдігі

90


300


240


130


60.

Тонго Корольдігі

80


150


120


100


61.

Швеция Корольдігі


80


530


355


200

62.

Лаос Халық- Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


63.

Латвия Республикасы


80


175


130


85

64.

Ливан Республикасы

80


260


150


100


65.

Ливия

80


165


120


100


66.

Литва Республикасы


80


165


125


100

67.

Макао

80


150


120


100


68.

Малави

80


150


120


120


69.

Мальдив Республикасы

80


150


120


100


70.

Мексикалық Біріккен Штаттары

80


230


180


125


71.

Монако Княздігі


80


525


305


175

72.

Моңғолия Республикасы

80


150


120


100


73.

Мьянма Одағы Республикасы

80


150


120


100


74.

Конго Халық Республикасы

80


150


120


100


75.

Жаңа Зеландия

80


300


240


150


76.

Бангладеш Халық Республикасы

80


200


150


100


77.

Палау Республикасы

80


150


120


100


78.

Біріккен Араб Әмірліктері

90


460


220


160


79.

Танзания Біріккен Республикасы

80


150


120


100


80.

Папуа Жаңа Гвинея

80


160


130


100


81.

Португалия Республикасы


80


265


210


150

82.

Пуэрто-Рико

80


150


120


100


83.

Ангола Республикасы

80


180


150


120


84.

Армения Республикасы

80


200


170


130


85.

Барбадос Республикасы

80


150


120


100


86.

Беларусь Республикасы

80


315


120


100


87.

Бенин Республикасы

80


150


120


100


88.

Болгария Республикасы


80


380


200


130

89.

Көпұлтты Боливия Республикасы

80


150


120


100


90.

Ботсвана Республикасы

80


150


120


100


91.

Мажарстан


80


285


215


125

92.

Венесуэла Боливаршыл Республикасы

80


260


210


110


93.

Вьетнам Социалистік Республикасы

80


200


150


100


94.

Гаити Республикасы

80


150


120


100


95.

Гамбия Республикасы

80


150


120


100


96.

Гана Республикасы

80


150


120


100


97.

Гватемала Республикасы

80


150


120


100


98.

Гвинея Республикасы

80


150


120


100


99.

Гвинея-Бисау Республикасы

80


150


120


100


100.

Буркино Фасо Республикасы

80


150


120


100


101.

Бурунди Республикасы

80


150


120


100


102.

Гибралтар Республикасы

80


150


120


100


103.

Гондурас Республикасы

80


150


120


100


104.

Гренада

80


150


120


100


105.

Грузия

80


180


150


100


106.

Джибути Республикасы

80


150


120


100


107.

Заир Республикасы

80


150


120


100


108.

Замбия Республикасы

80


185


150


120


109.

Зимбабве Республикасы

80


165


130


100


110.

Үндістан Республикасы

80


300


250


150


111.

Индонезия Республикасы

80


260


230


217


112.

Исландия Республикасы


80


315


210


115

113.

Кабо-Верди Республикасы

80


150


120


100


114.

Камерун Республикасы

80


150


120


100


115.

Кения Республикасы

80


185


150


120


116.

Кипр Республикасы


80


265


210


150

117.

Колумбия Республикасы

80


220


200


160


118.

Коста-Рика Республикасы

80


150


120


100


119.

Код-д'Ивуар Республикасы

80


150


120


100


120.

Куба Республикасы

80


340


270


150


121.

Корея Республикасы, Сеул қаласы

90


530


250


210


122.

Либерия Республикасы

80


150


120


100


123.

Маврикий Республикасы

80


150


120


100


124.

Мали Республикасы

80


150


120


100


125.

Македония Республикасы


80


190


165


115

126.

Мальта Республикасы

80


230


180


120


127.

Мозамбик Республикасы

80


180


130


100


128.

Молдова Республикасы

80


190


150


100


129.

Намибия Республикасы

80


150


120


100


130.

Нигер Республикасы

80


175


140


120


131.

Никарагуа Республикасы

80


150


120


100


132.

Панама Республикасы

80


150


120


100


133.

Парагвай Республикасы

80


145


120


100


134.

Перу Республикасы

80


245


200


140


135.

Польша Республикасы


80


330


180


125

136.

Эль-Сальвадор Республикасы

80


150


120


100


137.

Сенегал Республикасы

80


150


120


100


138.

Сингапур Республикасы

90


500


300


200


139.

Словения Республикасы


80


195


165


125

140.

Суринам Республикасы

80


150


120


100


141.

Сьерра Лион Республикасы

80


240


160


100


142.

Тәжікстан Республикасы

80


170


130


100


143.

Тринидад және Тобаго Республикасы

80


150


120


100


144.

Уганда Республикасы

80


180


140


100


145.

Өзбекстан Республикасы

80


315


180


100


146.

Украина

80


315


180


120


147.

Филиппин Республикасы

90


280


220


150


148.

Хорватия Республикасы


80


260


195


125

149.

Чад Республикасы

80


150


120


100


150.

Чили Республикасы

80


240


180


110


151.

Эквадор Республикасы

80


150


120


110


152.

Ресей Федерациясы

80


450


280


220


153.

Руанда Республикасы

80


150


120


100


154.

Румыния


80


280


185


130

155.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі


80


580


390


215

80


550


375


205

156.

Самоа

80


150


120


100


157.

Сан-Марино Республикасы

100


320


250


180


158.

Сейшель аралдары

80


150


120


100


159.

Сент-Люсия

80


150


120


100


160.

Сирия Араб Республикасы

80


260


180


110


161.

Словак Республикасы


80


190


165


125

162.

Соломон аралдары

80


120


110


100


163.

Сомали Республикасы

80


150


120


100


164.

Америка Құрама Штаттары

100


525


400


260


Нью-Йорк қаласы

100


1200


1000


575


165.

Оман Сұлтандығы

90


300


240


120


166.

Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы

80


150


120


100


167.

Сербия және Черногория


80


205


165


125

168.

Тайвань

80


150


120


100


169.

Тоголез Республикасы

80


150


120


100


170.

Тунис Республикасы

80


150


120


100


171.

Түрікменстан

80


240


180


120


172.

Түркия Республикасы

100


350


230


180


173.

Бразилия Федеративтік Республикасы

80


330


210


150


174.

Германия Федеративтік Республикасы


80


400


210


165

175.

Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы

80


150


120


100


176.

Финляндия Республикасы

80


400


300


200


177.

Француз Республикасы


80


415


290


230

178.

Малайзия

90


300


270


170


179.

Нигерия Федеративтік Республикасы

80


150


120


100


180.

Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы

80


240


180


120


181.

Чех Республикасы


80


255


210


125

182.

Швейцария Конфедерациясы

80


415


290


230


183.

Экваторлық Гвинея

80


150


120


100


184.

Эстония Республикасы


80


330


175


125

185.

Оңтүстік Африка Республикасы

80


190


160


100


186.

Ямайка

80


180


150


120


187.

Жапония

100


360


325


220


      ;

      7-1) валютаны есептеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгеге аударылған күнге белгілеген бағам қолданылады;

      8) осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген тәуліктік шығыстарды өтеудің нормалары осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдардың ұзақ мерзімді қызметтік шетелдік іссапарларына да қатысты қолданылады.

      9) іссапарға жіберілген адам шетелге баратын кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн және Қазақстан Республикасына қайтқан кезде Қазақстан Республикасына келердің алдындағы шет мемлекеттің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн іссапар мерзіміне қосылады.

      Егер жол жүру құжатына сәйкес Қазақстан Республикасынан ұшып шығу (кету) ағымдағы тәуліктің 21:00 сағатынан кеш жүзеге асырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн іссапар мерзіміне қосылмайды.

      Егер жол жүру құжаттарына сәйкес шет мемлекеттен ұшып шығу (кету) ағымдағы тәуліктің 00:00-ден – 03:00-ге дейінгі сағаттары аралығында жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасына келердің алдындағы шет мемлекеттің Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні іссапар мерзіміне қосылмайды.

      10) егер қабылдаушы тарап осы тармақта көрсетілген қандай да бір іссапар шығыстарын өзінің есебінен төлеген жағдайда, тиісті іссапар шығыстарын төлеуге қаражат бөлінбейді.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.10.2018 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2019 № 403; 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2022 № 920 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.02.2024 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 256 қаулысына
қосымша

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 60-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1273 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 44-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 585-құжат).

      4. "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1290 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 682-құжат).

      5. "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 975 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 62, 490-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады