Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабы 3 тармағының 2) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Кербұлақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Лауазымы | Аты-жөні |
Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 тамыздағы № 17-143 шешіміне 1 - қосымша |
Кербұлақ ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Нысанның атауы | Өлшем бірлігі |
Жинақталудың есептік нормасы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жайлы үйлер | 1 житель | 1,02 |
Жайлы емес үйлер | 1 житель | 1,03 | |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | - |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,583 |
4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,443 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,447 |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,154 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,433 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,121 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,516 |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,072 |
11. | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,025 |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,079 |
13. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,101 |
14. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,167 |
15. | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,259 |
16. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,08 |
17. | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
18. | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
19. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,076 |
20. | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
21. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,11 |
22. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 3,65 |
23. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,553 |
24. | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | - |
25. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,829 |
26. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,079 |
27. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,026 |
28. | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,022 |
29. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,275 |
30. | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,025 |
31. | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 тамыздағы № 17-143 шешіміне 2 - қосымша |
Кербұлақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
№ | Атаулары | Есептік бірлік |
Баға, теңгемен |
1. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері | ||
1.1 | Абаттандырылған (Көппәтерлі тұрғын үй) | 1 тұрғын - 1 м3 | 242,84 |
1.2 | Абаттандырылмаған (Жеке тұрғын үй) | 1 тұрғын - 1 м3 | 245,22 |
2. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму тарифтері | ||
2.1 | Абаттандырылған (Көппәтерлі тұрғын үй) | 1 тұрғын - 1 м3 | 222,78 |
2.2 | Абаттандырылмаған (Жеке тұрғын үй) | 1 тұрғын - 1 м3 | 224,96 |