БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 262, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 394 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 158/НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде №32333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 2025 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) бойынша пилоттық жоба іске асырылсын.
Осы пилоттық жоба 1993 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге (бұдан әрі – 1993 жылғы 5 сәуірдегі Келісім) де қолданылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың техникалық іске асырылуын;
2) пилоттық жоба аяқталғаннан кейін Қытай Халық Республикасының "С" түріндегі берілген және қайтарылған шетелдік рұқсаттар бойынша тарихи деректерді Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бықылау комитетіне беруді қамтамасыз етсін.";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Шетелдік рұқсаттарды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жоба бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 2025 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен кедендік шекарасындағы мынадай:
1) Достық-авто (Жетісу облысы);
2) Нұр Жолы (Жетісу облысы);
3) Көлжат (Алматы облысы);
4) Бақты (Абай облысы);
5) Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы) өткізу пункттерінде іске асырылады.
13-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Шетелдік рұқсат бланкі автокөлік құралы Қазақстан Республикасынан шыққан жағдайда өтелген (пайдаланылған) болып есептеледі және мұндай бланкі Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарына және көрсетілетін қызметті берушіге қайтаруға жатпайды. Көрсетілген бланкіні қайта пайдалануға жол берілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетімен бірлесіп осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік, қаржы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, | |
инновациялар және аэроғарыш | |
өнеркәсібі министрі | Б. Мусин |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
Қазақстан Республикасының | |
Көлік министрі | М. Қарабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі