"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, отандық тасымалдаушыларға Қытай Халық Республикасының "С" түріндегі шетелдік рұқсаттарды беру процестерінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 2025 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) бойынша пилоттық жоба іске асырылсын.
Осы пилоттық жоба 1993 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге (бұдан әрі – 1993 жылғы 5 сәуірдегі Келісім) де қолданылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 13.03.2024 № 111, ҚР Қаржы министрінің 14.03.2024 № 140 және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.03.2024 № 143/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. Отандық тасымалдаушылардың пилоттық жобаға қатысуы ерікті болып табылады.
3. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті (Қ.Н. Тілепов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен (Д.Е. Жаналинов) және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетімен (Д.Н. Бекманов) бірлесіп, осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін индустрия және инфрақұрылымдық даму, қаржы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың техникалық іске асырылуын;
2) пилоттық жоба аяқталғаннан кейін Қытай Халық Республикасының "С" түріндегі берілген және қайтарылған шетелдік рұқсаттар бойынша тарихи деректерді Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бықылау комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 13.03.2024 № 111, ҚР Қаржы министрінің 14.03.2024 № 140 және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.03.2024 № 143/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қаржы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасының |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу тәртібін айқындайды.
Осы пилоттық жоба 1993 жылғы 5 сәуірдегі Келісімге де қолданылады.
Осы Қағидаларды әзірлеу мен қабылдаудың мақсаты электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесін пайдалану арқылы отандық тасымалдаушыларға Қытай Халық Республикасының "С" түріндегі шетелдік рұқсаттарды беру процестерінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру болып табылады.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) рұқсат беру жүйесі қолданылып/қолданылмай автокөлік құралына рұқсат беру карточкасы − халықаралық автомобиль жүктерін тасымалдауда автокөлік құралын пайдалануға рұқсат беретін құжат;
2) рұқсат беру жүйесін қолданып/қолданбай жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігі − Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға құқық беретін құжат;
3) көрсетілетін қызметті алушы − халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын отандық тасымалдаушылар;
4) көрсетілетін қызметті беруші − Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары;
5) отандық тасымалдаушы − Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің аумағы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
6) Қытай Халық Республикасының "С" түріндегі шетелдік рұқсат – өткізу пункттері ауданындағы шекара маңындағы терминалдар арасында жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде бір рейсті тура және кері орындау құқығымен пайдаланылатын рұқсат (бұдан әрі − шетелдік рұқсат);
7) уәкілетті орган − Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
8) веб-портал (бұдан әрі − Портал) − өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес уәкілетті орган айқындайтын электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізуді ұсынатын Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
9) электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) − Қазақстан Республикасынан шыққан кезде өткізу пунктінде автомобиль көлігі құралдарының кіру уақытын брондауға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қолданылады.
3. Шетелдік рұқсаттарды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жоба бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 2025 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен кедендік шекарасындағы мынадай:
1) Достық-авто (Жетісу облысы);
2) Нұр Жолы (Жетісу облысы);
3) Көлжат (Алматы облысы);
4) Бақты (Абай облысы);
5) Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы) өткізу пункттерінде іске асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 13.03.2024 № 111, ҚР Қаржы министрінің 14.03.2024 № 140 және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.03.2024 № 143/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2-тарау. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды беру
4. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін тіркелген жері бойынша тиісті көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік рұқсат бланкісіне толтырылған толықтырумен жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат алуға ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінішті (бұдан әрі − өтініш), сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі − Талаптар тізбесі) 8-тармағында көзделген құжаттарды Портал арқылы жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші ақылы негізде көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.
Мемлекеттік қызмет үш кезеңде көрсетіледі:
1) Жүйенің көрсетілетін қызметті алушыға жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама (бұдан әрі – алым сомасын төлеу үшін хабарлама) жолдауы;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік бланкіге толықтыру жүйесімен рұқсат қалыптастыру;
3) шетелдік рұқсат бланкісіне толықтыруды басып шығару, шетелдік рұқсат бланкісін толтыру және көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру.
6. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті Порталға түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушыға Портал арқылы өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Өтініш тіркелген сәттен бастап ол көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне орындауға жіберіледі.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті тіркеген сәттен бастап өтінішті толтырудың дұрыстығын және Талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар мен мәліметтерді интеграциялау арқылы Жүйемен алынған мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Талаптардың тізбесіне және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарға сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
8. Көрсетілетін қызметті алушы үшін Жүйеде шетелдік рұқсат бланкісіне толықтыруды қалыптастыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) рұқсат беру жүйесі қолданылып/қолданылмай жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігінің болуы;
2) рұқсат беру жүйесін қолдану/қолданусыз автокөлік құралына рұқсат беру карточкасының болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының жүйеде тіркелуі және Қазақстан Республикасынан шығу кезінде өткізу пунктінде көлік құралының кіру уақытын брондау (бұдан әрі – бронь) болуы;
4) жылжымалы мүлікке құқық куәландыратын құжаттардың болуы;
5) отандық тасымалдаушының осы тасымалдаушының рұқсат карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралдарына шетелдік рұқсаттарды пайдалану фактілерінің болмауы, сондай-ақ соңғы алты ай ішінде отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсаттар бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беру фактілерінің болмауы.
Жүйемен тахографты мерзімді тексеруден өту мерзімі өткен автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өтпеген автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкалары есепке алынбайды.
Пилоттық жоба шеңберінде шетелдік рұқсаттарды қолданбай жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігі, сондай-ақ шетелдік рұқсаттарды қолданбай автокөлік құралына рұқсат карточкалары бар отандық тасымалдаушыларға "С" түріндегі қытай рұқсаттарын беруге жол беріледі.
9. Ұсынылған құжаттарды қарау және өтінішті ақпараттық жүйелер арқылы тексеру нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға Портал арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алым сомасын төлеу үшін хабарлама не осы Қағидалардың 10-тармағын 1) - 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
Жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасы (бұдан әрі − алым сомасы) Жүйе арқылы төленуге тиіс.
Алым сомасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша республикалық бюджетке төленеді және алым төленген күні қолданыста болатын бір реттік айлық есептік көрсеткішті құрайды.
10. Көрсетілетін қызметті алушыға мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті берушіде шетелдік рұқсат бланкілерінің болмауы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмаған жағдайда, шетелдік рұқсат беруден бас тартылады.
11. Жеке басты куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жылжымалы мүлікке құқық куәландыратын құжаттар, рұқсат беру жүйесі қолданылып/қолданылмай жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәліктері, рұқсат беру жүйесі қолданылып/қолданылмай автокөлік құралдарына рұқсат карточкалары, алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
12. Алым сомасын төлеген күні Жүйеде шетелдік рұқсат банкіне қосымша автоматты түрде қалыптастырылады.
13. Шекараны нақты кесіп өткен күні көрсетілетін қызметті алушы өтініштің нөмірін көрсете отырып, шетелдік рұқсат бланкісін алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Жүйеден шетелдік банкке қосымша рұқсатты басып шығарады, шетелдік рұқсат бланкісін толтырады және көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді. Бұл ретте шетелдік рұқсат бланкілерінің нөмірлері көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерінің кезектілігі тәртібімен Жүйемен бөлінеді және шетелдік рұқсат бланкісіне қосымша автоматты түрде қойылады.
Отандық тасымалдаушыға шетелдік рұқсатты беру кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері шетелдік рұқсаттың тиісті бағандарына:
тасымалдаушының (заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің) атауын;
тасымалдаушының заңды мекенжайын;
автокөлік құралының маркасы және мемлекеттік нөмірін;
берілген күнін, рұқсат берген тұлғаның мөрі (мөртабаны) мен қолын жазады.
Рұқсаттың шетелдік бланкісін беру көрсетілетін қызметті алушының көлік құралы Қазақстан Республикасынан шығу мақсаттары үшін өткізу пунктінің аумағына кірген кезде тікелей жүзеге асырылады.
Шетелдік рұқсат бланкісі берілген және көрсетілетін қызметті алушының көлік құралы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына кетпеген жағдайда, мұндай шетелдік рұқсат бланкісі көрсетілетін қызметті беруші Жүйедегі мәртебесін өзгерте отырып, Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылуға тиіс.
Шетелдік рұқсат бланкі автокөлік құралы Қазақстан Республикасынан шыққан жағдайда өтелген (пайдаланылған) болып есептеледі және мұндай бланкі Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарына және көрсетілетін қызметті берушіге қайтаруға жатпайды. Көрсетілген бланкіні қайта пайдалануға жол берілмейді.
Бланкіде шетелдік рұқсаттардағы түзетулерге жол берілмейді.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Көлік министрінің 13.03.2024 № 111, ҚР Қаржы министрінің 14.03.2024 № 140 және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.03.2024 № 143/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.14. Көрсетілетін қызметті беруші Жүйе арқылы:
1) өтінішті қарау нәтижелері бойынша шетелдік рұқсат бланкісіне қалыптастырылған толықтырулар:
отандық тасымалдаушының атауы;
бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі;
шетелдік рұқсаттың түрі;
берілген шетелдік рұқсаттың нөмірі;
автокөлік құралының маркасы және мемлекеттік нөмірі;
шетелдік рұқсаттың берілген күні;
шетелдік рұқсатты өтеу күні (Мемлекеттік шекараны кесіп өткен күн).
2) көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде бланкіде берілген шетелдік рұқсаттар;
3) көрсетілетін қызметті алушы қайтарған немесе ол жоғалтқан шетелдік рұқсаттар;
4) көрсетілетін қызметті алушы заңнаманы бұзушылықтарды анықтаған кезде көрсетілетін қызметті беруші жойған шетелдік рұқсаттар;
5) мемлекеттік кірістер органдары оны автокөлік құралымен кесіп өткен кезде Мемлекеттік шекарада өтеген елдер бөлінісінде шетелдік рұқсаттардың статистикалық есебін жүргізеді.
Шетелдік рұқсаттың түпнұсқалығын тексеру Порталда, оның ішінде "QR"-код түрінде берілген шетелдік рұқсаттардың электрондық тізіліміне сілтеме бойынша жүзеге асырылады.
15. Шетелдік рұқсат жоғалған жағдайда немесе оны қайтару үшін көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы Жүйеге тиісті мәліметтерді енгізу үшін көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді.
16. Шетелдік рұқсаттың нақты пайдаланылуын растау үшін көрсетілетін қызметті беруші автокөлік құралының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы кіруін/шығуын тіркеудің техникалық құралдарының деректеріне негізделеді.
17. Автокөлік құралының өткізу пункті арқылы өтуі кезінде шетелдік рұқсаттарда көрсетілген автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі отандық тасымалдаушының рұқсат карточкасында көрсетілген автокөлік құралы туралы деректерге сәйкес келуге тиіс.
18. Көлік саласындағы уәкілетті орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым опреаторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
19. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті орган басшысының, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
20. Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесі саласындағы заңнаманың талаптарында бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган құзыреті шеңберінде әкімшілік жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Шетелдік рұқсат бланкісіне толтырылған қосымшамен жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат алуға өтініш __________________________________________________________________________ (жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
Шетелдік рұқсат бланкілеріне толтырылған толықтырумен жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат беруді сұраймын және мынадай мәліметтерді ұсынамын:
рұқсат жылы: _________________________;
электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесіндегі бронь нөмірі; өткізу (шығу және кіру) пунктінің атауы және Мемлекеттік шекарадан өтудің жоспарланған күні: ______________________________________________________________________;
автокөлік құралының иесі туралы мәліметтер: _______ (БСН/ЖСН; ұйымның атауы / ТАӘ; мекенжайы, байланыстары);
автокөлік құралының жүргізушілері туралы мәліметтер: _______ (ЖСН; аты-жөні; мекенжайы, байланыстары);
автокөлік құралы туралы мәліметтер: _______ (техникалық паспорттан: модель, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, жүк көтергіштігі, отыру орындары);
тіркеме туралы мәліметтер: _______ (техникалық паспорттан: модель, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, жүк көтергіштігі);
автокөлік құралының жүру жолы бойынша баратын елдің және транзиттік шет мемлекеттердің атауы: ___________________________________________;
жүктердің атауы мен салмағы, жүктерді тиеу орны және түсіру орны ______________________________________________________________________________.
Осымен менің дербес деректерімді және ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардағы құпия заңмен қорғалатын өзге де мәліметтерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған:
ЭЦҚ деректері:
ЭЦҚ-ға қол қойылған күні мен уақыты:
"Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) | Электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі - Портал) бірінші және екінші кезеңдер бойынша және көрсетілетін қызметті беруші-үшінші кезең бойынша |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық - бірінші және екінші кезеңдерде; |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
1) жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама беру; |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) Порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, өтініш беру үшін тәулік бойы; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында Портал арқылы берілген осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік рұқсат бланкісіне толтырылған қосымшамен жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат алуға өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мыналар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады: |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.kgd.gov.kz. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер паспорты" кіші бөлімі. |
Жүктерді тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат бланкісіне қосымша
1. Тасымалдаушының атауы _____________________________________;
2. Тасымалдаушының мекенжайы ____________________________________________;
3. Автокөлік құралының моделі, жүк көтергіштігі, отыратын орны және мемлекеттік нөмірлік белгісі _______________________________________;
4. Мемлекеттік шекараны кесіп өтудің жоспарланған күні: __________;
5. Жарамдылық мерзімі: 20__ж. _______________ бастап 20__ж. _________________ дейін;
6. Қозғалыс бағыты: ___________________ бастап ___________________ дейін:
7. Шекаралық өткізу пунктінің атауы: ______________ ____________________
шығу ________________________________________ кіру;
8. Жүктердің атауы _________________________________________;
9. Жүк салмағы __________________________________________________;
10. Жүктерді тиеу орны _______________________________________;
11. Жүктерді түсіру орны _______________________________________;
12. Өзгелері _____________________________________________________;
13. Шетелдік рұқсат бланкісінің нөмірі _________________________.