"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы | А. Бейісбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетің атқарушысының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 339 бұйрығымен бекітілген |
Өнеркәсіп саласындағы негізгі көрсеткіштерді есептеу әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өнеркәсіп саласындағы негізгі көрсеткіштерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Әдістеме өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асырудың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру мақсатында өнеркәсіп қызметін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу үшін ресми статистикалық ақпарат алудың негізгі аспектілері мен әдістерін айқындайды.
3. Осы Әдістеменің объектісі мынадай субъектілер: даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық даму институттары, инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор, сондай-ақ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өнеркәсіпті дамыту қоры болып табылады.
4. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық даму институттары, сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту қоры;
2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) ұлттық институт – өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты.
2-тарау. Ақпарат дереккөздері
5. Деректерді қалыптастыру үшін ақпараттық база:
1) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ұсынатын бастапқы деректер;
2) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің бастапқы деректері;
3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның жазбаша сұрау негізінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері (бұдан әрі – уәкілетті орган), тоқсан сайын басшының қолымен "Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 208 бұйрығына (бұдан әрі - бұйрық) сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 10-нан кешіктірмей уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың ұсынылған шаралары туралы қорытынды есептілікті ұсынады.
6. Ақпарат көздері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері болып табылады.
7. Әкімшілік деректерді есептеу үшін бұйрығымен бекітілген нысандар пайдаланылады.
3-тарау. Өнеркәсіптің негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру (есептеу)
8. Ұлттық институт уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асырудың тиімділігін талдау шеңберінде әкімшілік көрсеткіштерді есептеу бойынша қорытынды, жиынтық есептілікті дайындау бойынша қызметтер көрсетеді.
9. Сандық сипаттама үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
1) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың алынған шараларының көлемі, мың теңге;
2) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері экспортталатын елдер саны, бірлік;
3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің экспорттық түсім көлемі, мың теңге;
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігі, мың теңге/адам;
5) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өнімінің жалпы қосылған құнның көлемі, мың теңге;
6) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің салық аударымдарының көлемі, мың теңге;
7) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының аумағында сатып алушыларға өнімді сатудан алынған түсімінің көлемі, мың теңге;
8) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің табыс көлемі, мың теңге;
9) өнеркәсіпті экономикалық көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімді сатудан түскен валюталық түсім кірістерінің көлемі, мың теңге;
10) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жұмыс орындарының саны, бірлік;
11) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған, біліктілікті арттырудан өткен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің инженерлік-техникалық және өндірістік персонал қызметкерлерінің саны, бірлік;
12) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің әлеуметтік салық көлемі, мың теңге.
10. Өнеркәсіп қызметін сипаттайтын көрсеткіштер тоқсандық кезеңділікпен облыстар (аудандар) және экономикалық қызмет түрлері бойынша, сондай-ақ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің деректері бойынша қалыптастырылады.
11. Көрсеткіштер мынадай формула бойынша анықталады:
1) Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының көлемі, мың теңге:
мұндағы,
V – алынған мемлекеттік ынталандыру шараларының жалпы көлемі;
n – алынған мемлекеттік ынталандыру шараларының саны;
M – алынған әрбір мемлекеттік ынталандыру шарасының көлемі.
2) Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері экспорттайтын елдер саны, бірлік:
мұндағы,
E – экспортталатын елдердің жалпы саны;
n – экспортталатын елдер саны;
C – экспортталатын елдер.
Бір елдің екі немесе одан да көп рет қайталануы жағдайында бірлік ретінде қарастырылады.
2.1) Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің экспортталатын елдердің, бірліктердің санына мемлекеттік ынталандыру шараларын алуының әсері:
мұндағы,
Ef – мемлекеттік ынталандыру шараларын алу нәтижесінде экспортталатын елдердің саны;
QC1 – қабылданған қарсы міндеттемелерге сәйкес мемлекеттік ынталандыру шараларын алған сәттен бастап экспортталатын елдердің саны;
QC0 – мемлекеттік ынталандыру шараларын алғанға дейін экспортталатын елдердің саны.
3) Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің экспорттық түсімінің көлемі, мың теңге:
Vэтк = P1 * Q1 + P2 * Q2 + … + Pn * Qn,
мұндағы,
Vэтк – субъектілердің экспорттық түсімінің көлемі;
P – өнімнің n-ші түрінің бағасы (ҚҚС-пен);
Q – экспортқа өткізілетін өнімнің n-ші түрінің саны.
3.1) Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің экспорттық кіріс көлеміне мемлекеттік ынталандыру шараларын алуының әсері, мың теңге:
мұндағы,
Ef – мемлекеттік ынталандыру шараларын алу нәтижесінде экспорттық түсімнің көлемі;
ER1 – қабылданған қарсы міндеттемелерге сәйкес мемлекеттік ынталандыру шараларын алған сәттен бастап экспорттық түсім;
ER0 – мемлекеттік ынталандыру шараларын алғанға дейінгі экспорттық түсім.
4) Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігі, мың теңге / адам:
мұндағы,
LP – субъектілердің Еңбек өнімділігі;
GV – экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құн;
HR – қызметкерлер саны.
4.1) Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігіне мемлекеттік ынталандыру шараларын алуының әсері, мың теңге / адам:
мұндағы,
Ef – мемлекеттік ынталандыру шараларын алу нәтижесінде еңбек өнімділігі;
LP1 – қабылданған қарсы міндеттемелерге сәйкес мемлекеттік ынталандыру шараларын алған сәттен бастап еңбек өнімділігі;
LP0 – мемлекеттік ынталандыру шараларын алғанға дейін субъектілердің еңбек өнімділігі.
5) Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өнімінің жалпы қосылған құнының көлемі, мың теңге:
мұндағы,
Vвдс – өнімнің жалпы қосылған құнының көлемі;
GO – жалпы шығарылым;
IC – аралық тұтыну.
6) Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің салықтық аударымдарының көлемі, мың теңге:
мұндағы,
Vно – салық аударымдарының көлемі;
T1, T2, …, Tn – салық аударымдарының n-ші түрінің саны.
7) Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының аумағында сатып алушыларға өнімді өткізуден түскен түсімдерінің көлемі, мың теңге:
мұндағы,
Vопв – Қазақстан Республикасының аумағында сатып алушыларға өнімді өткізгені үшін алынған түсімнің көлемі;
P – өнімнің n-ші түрінің бағасы (ҚҚС-пен);
Q – ішкі нарықта сатылатын өнімнің n-ші түрінің саны.
8) Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері табыстарының көлемі, мың теңге:
мұндағы,
Vод – табыстың жалпы көлемі;
I1, I2, …, In – табыстың n-ші түрінің саны.
9) Өнеркәсіпті экономикалық көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімді өткізуден түсетін валюталық түсімдерінің көлемі, мың теңге:
мұндағы,
Vдвр – барлық экспортталатын өнімді сатудан түскен валюталық түсім кірісінің көлемі;
P – өнімнің n-ші түрінің бағасы (ҚҚС-пен);
Q – өткізілетін өнімнің n-ші түрінің саны.
9.1) Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімді өткізгені үшін валюталық түсімнен түсетін кірістер көлеміне мемлекеттік ынталандыру шараларын алуының әсері, мың теңге:
Ef = F1 - F0,
мұндағы,
Ef – өнімді өткізу кезінде мемлекеттік ынталандыру шараларын қолдану есебінен алынған валюталық түсім кірісінің көлемі;
F1 – қабылданған қарсы міндеттемелерге сәйкес мемлекеттік ынталандыру шараларын алған сәттен бастап өнімді өткізуден түскен валюталық түсімнің кірістері;
F0 – өнімді сатудан мемлекеттік ынталандыру шараларын алғанға дейінгі валюталық түсімнің кірістері.
10) Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жұмыс орындарының саны, бірлік:
Q = HR1 – HR0,
мұндағы,
Q – мемлекеттік ынталандыру шараларын алған субъектілердің құрылған жұмыс орындарының саны;
HR1 – қабылданған қарсы міндеттемелерге сәйкес мемлекеттік ынталандыру шараларын алған сәттен бастап жұмыс орындарының саны;
HR0 – мемлекеттік ынталандыру шараларын алғанға дейінгі жұмыс орындарының саны.
11) Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған, біліктілігін арттырудан өткен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің инженерлік-техникалық және өндірістік персоналы қызметкерлерінің саны, бірлік:
мұндағы,
Qппк – біліктілігін арттырудан өткен инженерлік-техникалық және өндірістік персонал қызметкерлер саны;
HRок – инженерлік-техникалық және өндірістік персонал қызметкерлерінің жалпы саны;
HRнпк – біліктілігін арттырудан өтпеген инженерлік-техникалық және өндірістік персонал қызметкерлерінің жалпы саны.
12) Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің әлеуметтік салығының көлемі, мың теңге:
Vсн = ST1 + ST2 + … + STn,
мұндағы,
Vсн – әлеуметтік салық аударымдарының көлемі;
ST1, ST2, …, STn – әлеуметтік салық аударымдарының көлемі.
12. Есептеу өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісіне ұсынған ақпарат негізінде жүргізіледі.