Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының (ректор) үлгілік біліктілік сипаттамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 274-НҚ бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының (ректор) үлгілік біліктілік сипаттамасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіеді.

      Министр А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 274-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының (ректор) үлгілік біліктілік сипаттамасы

1-тарау. Кіріспе

      1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының (ректор) үлгілік біліктілік сипаттамасы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қолдануы үшін міндетті.

      2. Басшының (ректор) үлгілік біліктілік сипаттамасы (бұдан әрі – Сипаттама):

      басшының (ректор) міндеттерін, құқықтары мен жауаптылығын бекітетін лауазымдық нұсқаулығын әзірлеуге;

      басшыны (ректор) аттестаттаудан өткізуге негіз болады.

      3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының штат кестесіндегі лауазымның атауы осы Сипаттамада көзделген лауазымның атауына сәйкес келуі тиіс.

2-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының (ректор) үлгілік біліктілік сипаттамасы

      Лауазымдық міндеттері: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын тікелей басқару қолданыстағы заңдардың, нормативтік құқықтық актілердің, жарғының және жеке-дара басқару мен алқалықты үйлестіру қағидаттарында жасалған ұжымдық шарттар негізінде жүзеге асырады. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының мақсаты мен даму стратегиясын айқындайды. Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, ұйымдық-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық етеді, қабылдаған шешімдерге, материалдық активтердің сақталуына және оның тиімді пайдаланылуына жауапты болады. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастырады, әлеуметтік басымдықтарды және ел экономикасында мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, олардың қызметін білім беру және ғылыми процестерді жетілдіруге бағыттайды. Біліктілігі жоғары мамандарды даярлау мақсатында білім беру, ғылыми және тәрбие жұмыстарының сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Жоғары білімді дамыту саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, ұйымның материалдық-техникалық базасының деңгейін қамтамасыз етеді. Мекеменің бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, өнім берушілердің, тапсырыс берушілердің, кредиторлардың алдындағы барлық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етеді. Білім берудегі жаңа техникалар мен технологияларды, отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану, еңбекті басқарудың және ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын пайдалану саласындағы соңғы жетістіктер негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын басқаруды ұйымдастырады. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының материалдық және техникалық ресурстарды жұмсаудың және ұтымды пайдаланудың негізделген нормалары негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын басқаруды ұйымдастырады. Мамандарды даярлау тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдарымен, аралас білім беру ұйымдарымен ғылыми байланысты ұйымдастырады.

      Білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және қолдайды. Мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында оқу жоспарлары мен қосымша білім беру бағдарламаларын бекітеді. Мекемені білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде, профессор-оқытушылар құрамы мен мекеме жұмыскерлерінің өзге де санаттарының біліктілігін тұрақты түрде арттыру жөнінде шаралар қабылдайды. Кәсіптік білім мен тәжірибе алмасуды пайдалану және дамыту, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді. Басшылықтың экономикалық және әкімшілік әдістерді дұрыс үйлестіруін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырудың материалдық және моральдық ынталандыру қағидаттарын қолдануды, әрбір жұмыскердің оған тапсырылған іс пен оның жұмыс нәтижесі үшін материалдық мүдделілігі мен жауаптылығы қағидаттарын қолдануды, заңнамада белгіленген мерзімде жалақы төлеуді қамтамасыз етеді.

      Ұйымның ұжымымен бірлесіп әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қызметкерлерін еңбекке ынталандыруды, олардың бастамалары мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Оған берілген құқықтар шегінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қаржылық, экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызметінің мәселелерін шешеді, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымды адамдарға – проректорларға (орынбасарларға), жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің және филиалдарының, сондай-ақ функционалдық және әкімшілік құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына тапсырады. Штат кестесін бекітеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Берілген өкілеттіктері шеңберінде бұйрықтар мен өкімдер шығарады. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда, сондай-ақ қаржыны басқару кезінде құқықтық құралдарды пайдалануда, шарттық және қаржылық тәртіпті, әлеуметтік еңбек қатынастарын нығайтуда заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының білім беру қызметі саласын қолдау және кеңейту мақсатында білім берудің инновациялық технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді. Сотта, төрелікте жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының мүліктік мүдделерін қорғайды. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мемлекеттік билік және басқару органдарында мекеменің мүддесін білдіреді. Мемлекеттік құпияны қорғау және сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жағдайлар жасауға, сондай-ақ жалпы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қызметіне дербес жауапты болады.

      Тиісті саланың уәкілетті органына (құрылтайшыға) оқу орнының оқу, ғылыми және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады.

      Мыналарды: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарын, Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасы мәдени саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау саласындағы әдістемелік материалдарды, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының саласын техникалық және ғылыми дамыту перспективаларын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының кадр ресурстарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (қосымша білім беру) саласындағы шетелдік білім беру мекемелерінің ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелерін, еңбек заңнамаларын, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ тиісті салалардағы уәкілетті органдардың басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Об утверждении Типовой квалификационной характеристики руководителя (ректор) организации высшего и (или) послевузовского образования

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 27 июня 2024 года № 274-НҚ

      В соответствии с подпунктом 17) статьи 16 Трудового Кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Типовую квалификационную характеристику руководителя (ректор) организации высшего и (или) послевузовского образования.

      2. Департаменту образования и науки Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Министр А. Балаева

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство науки и
высшего образования
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан

  Утверждена
приказом Министра
культуры и информации
Республики Казахстан
от 27 июня 2024 года № 274-НҚ

Типовая квалификационная характеристика руководителя (ректор) организации высшего и (или) послевузовского образования

Глава 1. Введение

      1. Настоящая Типовая квалификационная характеристика руководителя (ректор) организации высшего и (или) послевузовского образования разработана в соответствии с подпунктом 17) статьи 16 Трудового Кодекса Республики Казахстан и обязательна для применения организациями высшего и (или) послевузовского образования находящимся в ведомственной подчиненности Министерству культуры и информации Республики Казахстан независимо от организационно-правовой формы.

      2. Типовая квалификационная характеристика руководителя (ректор) (далее – Характеристика) служит основой при:

      разработке должностной инструкции руководителя (ректор), закрепляющей его обязанности, права и ответственность;

      проведении аттестации руководителя (ректор).

      3. Наименование должности в штатном расписании организации высшего и (или) послевузовского образования должно соответствовать наименованию должности, предусмотренной настоящей Характеристикой.

Глава 2. Типовая Квалификационная характеристика руководителя (ректор) организации высшего и (или) послевузовского образования

      Должностные обязанности: Осуществляет непосредственное руководство организацией высшего и (или) послевузовского образования на основе действующих законов, нормативных правовых актов, устава и коллективного договора на принципах сочетания единоначалия и коллегиальности. Определяет цели и стратегию развития организации высшего и (или) послевузовского образования. Руководит учебно-методической, научно-исследовательской, организационно-хозяйственной и финансово-экономической деятельностью, несет ответственность за принимаемые решения, сохранность и эффективное использование материальных активов. Организует работу и эффективное взаимодействие всех структурных подразделений, направляет их деятельность на совершенствование образовательного и научного процесса с учетом социальных приоритетов и потребности в специалистах в экономике страны. Обеспечивает качество и эффективность образовательной, научной и воспитательной работы с целью подготовки высококвалифицированных специалистов. Обеспечивает уровень материально-технической базы организации с учетом последних достижений в области развития высшего образования. Обеспечивает выполнение учреждением всех обязательств перед бюджетом, государственными внебюджетными фондами, поставщиками, заказчиками, кредиторами. Организует управление организацией высшего и (или) послевузовского образования на основе последних достижений в области использования новейшей техники и технологии, отечественного и зарубежного опыта в образовании, использования прогрессивных форм управления и организации труда. Организует управление организацией высшего и (или) послевузовского образования на основе обоснованных норм расходования и рационального использования материальных и технических ресурсов организации высшего и (или) послевузовского образования. В целях повышения эффективности подготовки специалистов организует научную связь с научными организациями Республики Казахстан, со смежными образовательными учреждениями. Расширяет и поддерживает международное сотрудничество в области образования и науки. Утверждает учебные планы и дополнительные образовательные программы с целью повышения качества подготовки специалистов. Принимает меры по обеспечению учреждения квалифицированными кадрами, по проведению регулярного повышения квалификации профессорско-преподавательского состава и иных категорий работников учреждения. Обеспечивает меры по использованию и развитию профессиональных знаний и обмена опытом, созданию благоприятных и безопасных условий труда, соблюдению требований охраны труда и техники безопасности. Обеспечивает: правильное сочетание экономических и административных методов руководства, применение принципов материальных и моральных стимулов повышения эффективности работы сотрудников организации высшего и (или) послевузовского образования, применение принципов материальной заинтересованности и ответственности каждого работника за порученное ему дело и результаты работы, выплату заработной платы в установленные законом сроки. Совместно с коллективом организации обеспечивает на основе принципов социального партнерства разработку, заключение и выполнение коллективного договора, соблюдение трудовой и производственной дисциплины, способствует развитию трудовой мотивации, инициативы и активности сотрудников организации высшего и (или) послевузовского образования. Решает вопросы финансовой, экономической, производственно-хозяйственной деятельности организации высшего и (или) послевузовского образования в пределах предоставленных ему прав, поручает ведение отдельных направлений деятельности организации высшего и (или) послевузовского образования другим должностным лицам - проректорам (заместителям), руководителям структурных подразделений и филиалов организации высшего и (или) послевузовского образования, а также функциональных и административных подразделений. Утверждает штатное расписание. Осуществляет прием, перевод и увольнение сотрудников. Издает приказы и распоряжения в рамках предоставленных полномочий. Обеспечивает соблюдение законности в деятельности организации высшего и (или) послевузовского образования и осуществлении его хозяйственно-экономических связей, а также в использовании правовых средств при финансовом управлении, укреплении договорной и финансовой дисциплины, социально-трудовых отношений. Обеспечивает внедрение и привлечение инновационных технологий образования в целях поддержания и расширения сферы образовательной деятельности организации высшего и (или) послевузовского образования. Защищает имущественные интересы организации высшего и (или) послевузовского образования в суде, арбитраже. Действует без доверенности от имени организации высшего и (или) послевузовского образования и представляет интересы учреждения в органах государственной власти и управления. Несет персональную ответственность за организацию работы и создание условий по защите и соблюдению государственной тайны, а также за деятельность организации высшего и (или) послевузовского образования в целом. Представляет уполномоченному органу соответствующей отрасли (учредителю) ежегодный отчет о результатах учебной, научной и финансовой деятельности учебного заведения.

      Должен знать: Конституцию Республики Казахстан, Гражданский кодекс Республики Казахстан, Трудовой кодекс Республики Казахстан, Административный процедурно-процессуальный кодекс Республики Казахстан, законы Республики Казахстан: "Об образовании", "О науке", "О культуре", "О противодействии коррупции", "О языках в Республике Казахстан", "О воинской службе и статусе военнослужащих", "О государственных закупках", "О государственном имуществе", Концепцию развития высшего образования и науки в Республике Казахстан на 2023-2029 годы, Концепцию культурной политики Республики Казахстан на 2023-2029 годы, Концепцию развития дошкольного, среднего, технического и профессионального образования Республики Казахстан на 2023-2029 годы, Концепцию государственной молодежной политики Республики Казахстан на 2023-2029 годы и другие нормативные правовые акты, регламентирующие образовательную, научную, производственно-хозяйственную, финансово-экономическую деятельность организации высшего и (или) послевузовского образования, методические материалы в сфере подготовки специалистов высшего и послевузовского образования, перспективы технического и научного развития отрасли организации высшего и (или) послевузовского образования, кадровые ресурсы организации высшего и (или) послевузовского образования, научные достижения и передовой опыт зарубежных образовательных учреждений в области высшего и послевузовского образования (дополнительного образования), трудовое законодательство, правила и нормы охраны труда.

      Требования к квалификации: высшее и (или) послевузовское образование, стаж работы не менее 5 лет на руководящих должностях в организациях образования, а также в уполномоченных органах в соответствующих сферах.