Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №34/01 "Қарағанды облысы бойынша жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6421-09 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қарағанды облысы бойынша жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері қолма-қол төлеу кезінде келесі мөлшерде белгіленсін:
1) №100 "Қарағанды (14 ықшам аудан арқылы)-Теміртау" - 200 (екі жүз) теңге;
2) №107 "Қарағанды-Теміртау" - 200 (екі жүз) теңге;
3) №121 "Қарағанды-Шахтинск" - 200 (екі жүз) теңге;
4) №122 "Қарағанды-Топар" - 200 (екі жүз) теңге;
5) №127 "Қарағанды-Шахан" - 200 (екі жүз) теңге;
6) №146 "Қарағанды-Абай" - 200 (екі жүз) теңге;
7) №165 "Қарағанды-Саран" - 200 (екі жүз) теңге;
8) нұсқалған маршруттар бойынша Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге."
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |