"Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 04/02 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р.Кенжебеков

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 02 ақпандағы
№ 04/02 қаулысымен
бекітілген

"Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Ақтоғай ауданы әкімі және әкімдігінің қызметiн мемлекеттік басқару мен бақылауды, ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөpi және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған өкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтіледi.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс: 100200, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 4.

      9. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.

      11. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      1) аудан әкімі және әкімдігінің ақпараттық – талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық және материалдық – техникалық қызметтерін қамтамасыз ету;

      2) аудан әкімінің және әкімдігінің актілерінің, әкімнің және әкім орынбасарлары мен аудан әкімдігінің тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және орындалуына бақылау жасау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      - аудан әкімі мен әкімдігінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және басқада материалдар, лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұрастыру және алу;

      - атқарушы органдардың иелігіндегі барлық ақпараттық, соның ішінде құпия мәліметтерді пайдалану;

      2) міндеттері:

      - Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерінің, облыс әкімі мен оның орынбасарларының, аудан әкімі мен әкімдігінің тапсырмаларының орындалуына тексеріс жүргізу және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу;

      - аудан әкімі аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      - аудан әкіміне және оның орынбасарларына аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшылық құрамын қызметке тағайындау және қызметтен босату, оларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;

      - аудан әкімдігінің, жергілікті атқару органдарының отырыстарына қатысу;

      - аудан әкімінің тапсырмасы бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар өкілдерін аудандық әкімдік отырысына мәселелерді әзірлеуге, аудан әкімі аппаратының құзыретіне жататын проблемалық мәселелерді зерделеуге және шешуге қатыстыру.

      14. Функциялары:

      1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік бағдарламалардың және әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жүзеге асырылуына бақылау жасау, өзінің құзыреті шегінде ұсыныстарды қалыптастыру жолымен аудан аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуына қатысады;

      2) орталық атқарушы органның берген өкілеттігіне сәйкес республикалық бағыныстағы кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер қызметін үйлестіреді, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметтерінің өзара әрекеттестігін және үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      3) Ақтоғай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы стратегиясын, оны жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру механизмі және тактикасын жетілдіру жөніндегі шаралар кешенің қалыптастыруға қатысады және осы мақсатта аудан аумағындағы атқарушы билік органдарының қызметтерін сұрау салу және олардан, талдау жасау, аудан әкімі және әкімдігінің актілерін әзірлеу үшін уақтылы ақпарат алу, олардың атқарылуын қадағалау, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуы мәселелері жөнінде ұсыныстар мен болжамдар қалыптастыру арқылы үйлестіруді жүзеге асырады;

      4) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің орындалуын, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан мен аудан әкімдігінің актілерінің орындалуын бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      5) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесімен, министрліктермен, ведомстволармен, облыс әкімі аппараттарымен, аудандық мәслихатпен, кент, ауылдық округ ұйымдармен өзара әрекет етуді қамтамасыз етеді;

      6) заң шығарушы және басқа да нормативтік құқықтық актілердің, аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық мәслихаттың актілерінің жобаларына ұсыныстар енгізеді;

      7) аудан әкімі өткізетін активтердің, жиналыстардың, халықаралық кездесулердің, сапарлардың және басқа да шаралардың ақпараттық-талдау тұрғысынан, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді, аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің шаруашылық, қаржылық, материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету мәселелерін шешеді;

      8) аудан әкімі аппаратының Регламенті сақталуын қамтамасыз етеді;

      9) аудан әкімі және оның орынбасарларының қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етуін, қызметтік құжаттардың, хаттардың, азаматтардың өтініштері мен шағымдарының қаралуын, азаматтардың жеке қабылдауын, азаматтардың келіп түскен хаттары мен өтініштерінің, құжат ағымының талдауын, іc жүргізуді қалыпқа келтіруді және жетілдіруді, құпия құжаттармен жұмыс істеуді, мемлекеттік және орыс тілдерінде ic жүргізуді icкe асырылуын ұйымдастырады;

      10) аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      11) жергілікті атқару билік органдарында кадр саясатын аудан әкімінің номенклатурасына енетін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, кадрлар резервін қалыптастыру, олардың оқуын, тәжірибеден және қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады;

      12) аудан әкімдігі, аудан әкімінің және оның орынбасарларының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, олармен өзара әрекет етуді, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік ахуалды, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіруді ұйымдастырады;

      13) аудан әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен және сот жүйесі органдарымен аудандағы заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту сұрақтары бойынша үйлестіруді және өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді;

      14) аудан әкімі мен әкімдігінің норма шығармашылығы қызметінің тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруды және ішкі бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;

      16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындау бойынша мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

      17) грамотамен, мемлекеттік наградамен марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындау;

      18) мемлекеттік органның қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асырады;

      19) терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастыру;

      20) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды іске асыру.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      15. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымғы тағайындалады және қызметтен босатылады.

      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіліктері:

      1) аудан әкімдігіне мемлекеттік мекеменің ережесі, сондай-ақ олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;

      2) белгіленген лимит шегінде аудан әкімі аппаратының құрылымын және штаттық кестесін, сонымен катар олардағы өзгерістерді аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;

      3) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауданның мемлекеттік органдарының, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттары құрылымының жобасын ұсынады;

      4) аудан әкімі аппаратының үздік қызметкерлерін көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      5) аудан әкімі аппаратының бөлімдерінің және басқа да құрылымдық бөлімдерінің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады;

      6) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

      7) бұйрықтар шығарады, аудан әкімі аппаратының бөлімдері туралы ережені бекітеді;

      8) аудан әкімі және әкімдігі қарауына ауданның тіршілік әрекетіне қатысты актілер, басқа да қызметтік құжаттардың жобаларын бекітуге ұсынады;

      9) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кeңceciнің, министрліктердің, ведомстволардың, облыс әкімінің аппаратымен, басқа да ұйымдардың, аудандық мәслихатпен, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарымен, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, саяси партиялар және қозғалыстармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және аудан тұрғындарымен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді;

      10) аудан әкімі және әкімдігі қабылдаған актілерінің және аудан әкімі тапсырмаларының орындалуын бақылауды және тексеруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      11) аудан әкіміне кент, ауылдық округ әкімдерін, әкім аппараттарының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметтерін бағалау жөнінде ұсыныс енгізеді;

      12) аудан әкіміне және әкімдігіне кент, ауылдық округ әкімдері мен әкімдіктерінің заңсыз актілерін жою, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар басшыларының заңға қайшы бұйрықтарын тоқтата тұру түралы ұсыныстарды береді;

      13) кадр саясатының icкe асырылуына жауап береді. Аудан әкімінің қарауына кент, ауылдық округ әкімдерін, бөлім басшыларын, ауданның бөлімдері басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді, кадрлар резервін қалыптастырады, лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізеді;

      14) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

      15) азаматтарды жеке қабылдауды өткізеді;

      16) аудан әкімінің тапсырмаларын орындайды;

      17) аудан әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға бағытталған шаралар қабылдайды;

      18) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына жеке жауапкершілік жүктеледі;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      18. Мемлекеттік мекеменің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского района"

Постановление акимата Актогайского района Карагандинской области от 2 февраля 2024 года № 04/02

      В соответствии c Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Актогайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского района" согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района Р.Кенжебеков

  Утвержден
постановлением акимата
Актогайского района
от 02 февраля 2024 года
№ 04/02

Положение государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима Актогайского района" (далее – государственное учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство и контроль, информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечение деятельности акима и акимата Актогайского района.

      2. Государственное учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Государственное учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      4. Государственное учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Государственное учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      6. Государственное учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима Актогайского" утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      8. Местонахождение юридического лица: индекс: 100200, Республика Казахстан, Карагандинская область, Актогайский район, село Актогай, улица Алихана Бокейхана 4.

      9. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения.

      10. Финансирование деятельности государственного учреждения осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      11. Государственному учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями государственного учреждения.

      Если государственному учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы, направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      12. Задачи:

      1) информационно-аналитическое, правовое, организационное, протокольное, документационное и материально-техническое обеспечение деятельности акима и акимата района;

      2) контроль за исполнением и организация исполнения актов акима и акимата района, поручений акима, заместителей акима и акимата района;

      3) иные задачи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      13. Полномочия:

      1) права:

      - запрашивать и получать от государственных органов и иных организаций, финансируемых из районного бюджета необходимую информацию, документы, иные материалы, устные и письменные объяснения от должностных лиц по вопросам, отнесенным к компетенции акима и акимата района;

      - пользоваться всеми видами информационных данных, в том числе секретными, имеющимися в распоряжении исполнительных органов;

      2) обязанности:

      - проводить проверку исполнения актов Президента и Правительства Республики Казахстан, распоряжений Премьер-Министра Республики Казахстан, актов акима и акимата области, поручений акима области и его заместителей, актов акима и акимата района, поручений акима района и вносить предложения по устранению выявленных недостатков;

      - вести служебную переписку с государственными и негосударственными органами и организациями по вопросам, отнесенным к ведению аппарата акима района;

      - вносить предложения акиму района и его заместителям о назначении на должность и освобождении от должности сотрудников аппарата акима района, руководящего состава аппаратов акимов сельских округов и поселков, государственных органов, финансируемых из районного бюджета, о привлечении их к дисциплинарной ответственности;

      - участвовать в заседаниях акимата района, местных исполнительных органов;

      - по поручению акима района привлекать сотрудников государственных органов, финансируемых из районного бюджета, представителей предприятий, учреждений и организаций к подготовке вопросов на заседания акимата района, к изучению и решению проблемных вопросов по вопросам, относящимся к компетенции аппарата акима района.

      14. Функции:

      1) участие в реализации на территории района основных направлений внутренней и внешней политики Президента, Правительства Республики Казахстан путем участия в разработке прогноза социально-экономического развития района и контроль за ходом реализации государственных программ и прогноза социально-экономического развития, выработки предложений в пределах своей компетенции;

      2) координация деятельности предприятий, организаций и учреждений республиканской подчиненности в соответствии с полномочиями, делегированными центральным исполнительным органом, обеспечивание взаимодействия и координацию деятельности государственных органов, финансируемых из районного бюджета, территориальных органов республиканского подчинения;

      3) участие в выработке стратегии социально-экономического развития Актогайского района, комплекса мер по ее реализации, совершенствованию механизмов и тактики осуществления социально-экономических реформ и осуществление координации в этих целях деятельности органов исполнительной власти на территории района, путем запроса и своевременного получения от них информации для анализа, подготовки актов акима и акимата района, отслеживания их выполнения, формирования предложений и прогнозов по вопросам развития социально-экономической обстановки;

      4) организация и обеспечивание исполнения законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, контроль за исполнением актов акима и акимата области, актов акима и акимата района;

      5) обеспечивание взаимодействия с Администрацией Президента Республики Казахстан, Канцелярией Премьер-Министра Республики Казахстан, министерствами, ведомствами, аппаратом акима области, аппаратами акимов сельских округов и поселков района, районным маслихатом, организациями;

      6) внесений предложений по проектам законодательных и иных нормативных правовых актов, актов акима и акимата района, районного маслихата;

      7) осуществление информационно-аналитического, правового, организационного, протокольного, документационного и материально-технического обеспечения активов, совещаний, международных встреч, визитов и других мероприятий, проводимых акимом, решения вопросов хозяйственного, финансового, материально-технического, социально-бытового обслуживания акима района, его заместителей и работников аппарата акима района;

      8) обеспечивание соблюдения Регламента аппарата акима района;

      9) организация документационного обеспечения деятельности акима района и его заместителей, рассмотрение служебных документов, писем, обращений и заявлений граждан, личный прием граждан, анализ поступивших писем и заявлений граждан, документопотока, налаживание и совершенствование делопроизводства, работу с секретной документацией, функционирование делопроизводства на государственном и русском языках;

      10) обеспечивание хранения решений, распоряжений акима и постановлений акимата района;

      11) осуществление кадровой политики в органах местной исполнительной власти путем организации изучения и внесения предложений по кадрам входящим в номенклатуру акима района, формирования резерва кадров, организации их учебы, стажировки и переподготовки;

      12) организация освещения деятельности акимата района, акима района и его заместителей в средствах массовой информации, взаимодействие с ними, разъяснение проводимой Президентом и Правительством Республики Казахстан внутренней и внешней политики, экономического и социального положения в районе, путей решения вопросов;

      13) обеспечивание координации и взаимодействия акима и акимата района с правоохранительными органами и органами судебной системы по вопросам укрепления законности и правопорядка в районе;

      14) обеспечивание мер по совершенствованию механизма нормотворческой деятельности акима и акимата района;

      15) обеспечение повышения качества и внутреннего контроля по оказанию государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      16) координация деятельности структурных подразделений государственного учреждения по исполнению законодательства Республики Казахстан о государственной службе;

      17) подготовка документов для представления к награждению грамотами, государственными наградами;

      18) осуществляет проектное управление в деятельности государственного органа;

      19) организация деятельности антитеррористической комиссии;

      20) в пределах своей компетенции осуществление иных функций в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      15. Руководство государственным учреждением осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение задач и осуществление им своих полномочий.

      16. Первый руководитель государственного учреждения назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      17. Полномочия первого руководителя государственного учреждения:

      1) представляет на утверждение акимата района Положение государственного учреждения, а также изменения в них;

      2) в пределах установленного лимита представляет на утверждение акимата района структуру и штатное расписание аппарата акима района, а также изменения в них;

      3) представляет проект структуры аппаратов акимов сельских округов и поселков, государственных органов, финансируемых из районного бюджета;

      4) вносит предложения по поощрению отличившихся работников аппарата акима района;

      5) осуществляет общее руководство и координацию деятельности отделов и других структурных подразделений аппарата акима района;

      6) контролирует исполнение законодательства о государственной службе;

      7) издает приказы, утверждает положения об отделах аппарата акима района;

      8) представляет на утверждение акима и акимата района, проекты актов, других служебных документов, касающихся жизнедеятельности района;

      9) обеспечивает постоянную связь с Администрацией Президента Республики Казахстан, Канцелярией Премьер-Министра Республики Казахстан, министерствами, ведомствами, аппаратом акима области, другими организациями, районным маслихатом, аппаратами акимов сельских округов и поселков, государственными органами, финансируемыми из районного бюджета, политическими партиями и движениями, средствами массовой информации и населением района;

      10) организует и обеспечивает контроль и проверку исполнения принятых актов акима и акимата района и поручений акима;

      11) вносит предложения акиму района по оценке деятельности аппаратов акимов сельских округов и поселков района, государственных органов, финансируемых из районного бюджета;

      12) представляет акиму и акимату района предложения об отмене незаконных актов акимов и акиматов сельских округов и поселков, приостановлении противоречащих закону приказов руководителей государственных органов, финансируемых из районного бюджета;

      13) отвечает за реализацию кадровой политики. Представляет на рассмотрение акима района предложения о назначении и освобождении от должности акимов сельских округов и поселков, руководителей отделов, отделов района, формирует резерв кадров, вносит предложения о привлечении к дисциплинарной ответственности должностных лиц;

      14) подписывает служебные документы в пределах своей компетенции;

      15) проводит личный прием граждан;

      16) выполняет поручения акима района;

      17) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в аппарате акима района;

      18) несет персональную ответственность за исполнение антикоррупционного законодательства;

      19) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан, настоящим Положением и уполномоченным органом.

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      18. Аппарат государственного учреждения возглавляется руководителем аппарата акима Актогайского района, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      19. Государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      20. Имущество, закрепленное за государственным учреждением, относится к коммунальной собственности.

      21. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      22. Реорганизация и упразднение государственного учреждения осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.