Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Ботақара кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) төсеу үшін ауданы 0,228 га жер учаскесіне 2 (екі) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына:
1) келісім бойынша жер учаскелерінің меншік иелеріне шығындарды өтеуді және оларды өтеу тәртібін қамтамасыз етсін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімі мен айқындалсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Ботақара кентінің әкімі | А. Отынчиев |