Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінің әкімінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 5 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Ботақара кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) төсеу үшін ауданы 0,228 га жер учаскесіне 2 (екі) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына:

      1) келісім бойынша жер учаскелерінің меншік иелеріне шығындарды өтеуді және оларды өтеу тәртібін қамтамасыз етсін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімі мен айқындалсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Ботақара кентінің әкімі А. Отынчиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады