"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 08 қазандағы №15-4-1/493 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Мартбек Мамыраев ауылдық округінің Сарытау қыстағының аумағында белгіленген қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынып тасталсын.
2. Қарқаралы ауданы, Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі №6 "Карантин белгілеу туралы" шешімі жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы | С. Жумадилов |