Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 6 шешімі. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 09.10.2024 № 7 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және 2024 жылғы 13 қыркүйектегі №15-4-1/449 Қарқаралы ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Мартбек Мамыраев ауылдық округінің Сарытау қыстағының аумағында ірі қара малдарының арасында қарасан ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімі К.Тусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады