БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15902 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 15-тармағы 132) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 15-тармағы 132) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде (бұдан әрі – Шекара қызметі) анықтау өндірісі қызметін ұйымдастыруды нақтылайды.";
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімдері (бұдан әрі – АӘІЖБ).";
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Шекара қызметінің жедел бөлімшелері;";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Анықтау бөлімшелерінің және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелердің қылмыстық-процестік іс-қимылының нәтижелері мынадай негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1) сотқа жолданған қылмыстық істердің саны (өсу оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
2) прокурордың анықтаушының, анықтау органының заңсыз қаулыларының, сондай-ақ анықтау органы бастықтарының қаулыларын келісуден бас тарту және өзге де шешімдер мен нұсқаулардың күшiн жою туралы қаулылардың саны (төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
3) прокурорлармен қосымша тергеп-тексеруге қайтарылған, соттармен ақтау үкімдері шығарылған және соттармен ақтау негізінде тоқтату туралы қаулылары қабылданған, сондай-ақ, сотқа дейінгі сатыда күдіктінің әрекеті сараланғаннан кейін ақтау негізінде тоқтатылған қылмыстық істердің жоқтығы (оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
4) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны немесе баянатты тіркеу және олар бойынша шешім қабылдау мерзімдерінің сақталуы (бұзушылық фактілерінің төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
5) қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы (бұзушылықтардың төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады).";
10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінде анықтауды ұйымдастыру Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінің бастықтарына жүктеледі, олар мыналарды жүзеге асырады:";
13-тармақ алынып тасталсын;
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің бастығы анықтау өндірісі бойынша жұмысты тиімді қамтамасыз ету мақсатында:".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңмасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.
4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері оларға қатысты бөлігінде таныстырылсын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты |
Е. Сағымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы