"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 13 қазандағы № 84 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 25 маусымдағы № 88/қе бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 13 қазандағы № 84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12271 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:

      7-тармақтың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) Ақжайық аудандық бөлімі, орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы, Чапаев кенті. Қызмет көрсету аймағы – Ақжайық және Жаңақала аудандары;".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органын бір айлық мерзім ішінде хабардар етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Е. Сағымбаев

О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 13 октября 2015 года № 84 "Об утверждении Положения о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по Западно-Казахстанской области"

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 июня 2024 года № 88/қе

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 13 октября 2015 года № 84 "Об утверждении Положения о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по Западно-Казахстанской области" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12271) следующее изменение:

      в Положении о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по Западно-Казахстанской области, утвержденном указанным приказом:

      подпункт 3-1) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "3-1) Акжаикский районный отдел, место дислокации: Западно-Казахстанская область, поселок Чапаев. Зона обслуживания – Акжаикский и Жангалинский районы;".

      2. Департаменту кадров Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке в течение десяти календарных дней со дня подписания настоящего приказа направить его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Департаменту Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по Западно-Казахстанской области в месячный срок известить соответствующий территориальный орган Министерства юстиции Республики Казахстан о внесенных изменениях, указанных в пункте 1 настоящего приказа.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета национальной безопасности
Республики Казахстан генерал-лейтенант национальной безопасности
Е. Сагимбаев